АЛТЫНОРДА
Новости

Астана тұрғынының саны 785 мыңнан асты

aeeАстана тұрғынының саны 2013 жылдың 1 сәуірінде 785 716 адам болды. Оның ішінде Алматы ауданында — 363 990 (46,3%), Есіл ауданында -105 170 (13,4%), Сарыарқа ауданында — 316 556 (40,3%) адам тұрады, деп хабарлайды қалалық Статистика басқармасы.

2013 жылдың алғашқы айымен салыстырғанда елорда тұрғынының саны 7476 адамға өскен. Оның ішінде Алматы ауданы бойынша — 255, Есіл ауданында — 2427, Сарыарқа ауданында — 4794 азаматқа артты. Бір атап көрсетерлігі, үш айда Астанада халықтың табиғи өсімі — 4092 адам, көші-қон өсімі — 3384 адам болды.

astana.kz сайтының жазуынша, өткен жылдың  қаңтар-наурыз айларымен салыстырғанда халық саны 12,8%-ға өсіп, 4092 адамды құрады.

«2013 жылдың қаңтар-наурыз айларында Астана қаласында дүниеге келген 4978 сәби тіркелсе, бұл өткен жылдан 10,4% өскенін айқындайды. Осы уақыт аралығында қалада 886 адам өмірден озған. Бұл 2012 жылдың қаңтар-наурыз айымен салыстырғанда 0,5% артық»,-деп хабарлайды ведомство.

Қаңтар-наурыз айларында 1 жасқа дейінгі шетінеген 43 сәби тіркелсе, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 11 жағдайға кем. Бір жасқа дейінгі сәбилердің өлім коэффициенті 1000 балаға шаққанда 8,64 ( 2012 жылдың қаңтар-наурыз айларында 11,97) болды.

Тұрғындар арасындағы өлімнің негізгі себептердің бірі — бұрынғысынша қан айналымының бұзылуы ауруы — 39,0%, басқа да аурулар — 17,5%, тосын оқиғалар мен улану және жарақат алу — 14,6%.

2013 жылғы қаңтар-наурыз айларында  некеге тұру үшін АХАТ органдарына тіркелгендер саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 10,8%, айырылысқандар саны — 5,2% өскен.

Қазақпарат