АЛТЫНОРДА
Новости

Арықтауға көмектесіп, қатерден қорғайтын ішкиім

Twitter-ге қосылған бюстгальтер.Ғалымдар жаңа технологияларды ішкиімдерге де қолдана бастады. Әйелдерді қуантатын жаңалық — «ақылды» бюстгальтер пайда болды. Ол әйел денсаулығын бақылап, қаскүнемдер шабуылынан қорғайды.

Tweeting Bra
Бюстгальтер арықтауға көмектесіп, сүт безі қатерлі ісігін дер кезінде анықтай ала ма? Арам ойлы қаскүнемнен де қорғайтын ішкиім көріп пе едіңіз?

Зерттеушілер ойлап тапқан жаңа бюстгальтер Twitter және GPS телефон қосымшасы арқылы осы айтылған әрекеттерді орындай алады.

MICROSOFT ЖОБАСЫ

Бюстгальтерге орнатылған технология әйелдің көңіл-күйін бақылап отырады. Мәселен әйел эмоцияның әсерімен тамақты шектен тыс көп жеп жатса, «ақылды» бюстгальтер смартфон қосымшасына хабарлама береді.

Жүрек пен теріге жалғанған екі сенсор күйзеліс, қамығу, зерігу сияқты артық тамақ ішуге себеп болатын эмоциялық жағдайларды анықтайды.

Бюстгальтерде орналасқан шағын компьютер смартфон арқылы киім иесіне көңіл-күй туралы деректерді хабарлайды және адамның эмоциялардың ықпалымен артық тамақ ішпеуіне көмектеседі.

Microsoft компаниясының "ақылды бюстгальтер" жобасының сызбасы.Microsoft компаниясының «ақылды бюстгальтер» жобасының сызбасы.

Microsoft компаниясы бұл жобаны америкалық және британдық университет зерттеушілерімен бірге дамытқан. Олар неліктен сенсорларды орнату үшін бюстгальтерді таңдаған? Жақында жарияланған мақалаға қарағанда, бюстгальтер жүрекке жақын тұрғандықтан, электрокардиограмма жасауға мүмкіндік береді.

Британдық Саутгемптон университетінің профессоры Шрейфель (m.c. Schraefel) Азаттыққа:

— Құрылғыны жасырып тұратын киім керек болды. Жүректің ырғағын бақылайтын пульсомерлер бұрыннан бар, оны бюстгальтерге орнатқан тиімді, — дейді.

Ал Microsoft компаниясының өкілі Азаттыққа адамның көңіл-күйін бақылайтын құрылғы үлкен жобаның бір бөлігі ғана екенін, зерттеу жұмысының жалғасып жатқанын айтты. Оның сөзіне қарағанда, «Microsoft құрылғысы бар бюстгальтерлерді коммерциялық жобаға айналдыруды көздемейді».

«ӘР ӘЙЕЛ ХАБАРДАР БОЛУҒА ТИІС»

Ал Үндістанда инженерлік факультеттің үш студенті осы жылдың басында SHE деп аталатын бюстгальтерлерді көпшілік назарына ұсынды. Олардың айтуынша, «ішкиім отбасылық, әлеуметтік және қызмет орнындағы әйелдерге қол жүгірту мәселесін шешуге мүмкіндік береді».

Үндістанда қатарынан бірнеше қыз зорлау оқиғасы тіркеліп, қоғамды шулатқан соң студенттер осындай «зорлыққа қарсы тұратын бюстгальтер» ойлап тапқан. Киім иесіне қысым, жәбір жасала бастаса, құрылғы іске қосылып, GPS жүйесі арқылы өкілетті органдар мен зәбір көрушінің туыстарына хабарландыру жіберіледі.

Twitter-ге қосылған бюстгальтер.Twitter-ге қосылған бюстгальтер.

Ал АҚШ-тағы тағы бір компания сүт безі қатерлі ісігінің алдын алуға мүмкіндік беретін, спорттық ішкиімге ұқсайтын бюстгальтерді коммерциялық жоба ретінде шығармақ. Невада штатындағы Рино қаласында жасалған «Алғашқы ескерту жүйесі» шамамен 200 долларға бағаланбақ. Ісік ұлғайған кезде қан тамырлары кеңейіп, жасушылардың температурасында өзгеріс болады, құрылғы соны өлшейді.

Сүт безі қатерлі ісігіне қарсы тағы бір бюстгальтер Грекияда жасалған. Nestle Fitness пен тағы бір жарнама агенттігі Twitter-ге қосылған бюстгальтер жасап шығарды. Іш киімнің ілгегі ағытылған кезде «Сүт безін тексеруді ұмытпаңыз» деген твит-хабар келеді.

Грекияның танымал актрисасы Мария Бакодимоу (Maria Bakodimou) қазан айында бюстгальтер екі апта киіп жүретінін мәлімдеді. Жарнаманың маңызын ол былай түсіндіреді:

— Бұл — расымен де белгі беретін алғашқы бюстгальтер. Оның ілгегін ағытқан сайын әйелдің сүт безін тексеру қажеттігі туралы хабарлама келеді. Біз өмірлік маңызы бар хабар әр әйелге жетсе екен дейміз.

Антуан Блуаның мақаласын ағылшын тілінен аударған – Динара Әлімжан. 

 http://www.azattyq.org/content/tweeting_bra/25211388.html