Израильдің бұрынғы премьер-министрі Ариель Шаронның тағдыры қыл үстінде тұр. «Тель а-Шомер» емханасының «Шива» медициналық орталығында 7 жылдан астам уақыттан бері ес-түссіз жатқан Шаронның жағдайы соңғы екі күнге күрт нашарлаған көрінеді. Орталықтың бас дәрігері Зеэв Ротштейннің айтуынша, Израиль жұрты кез келген жағдайға рухани және психологиялық тұрғыда дайын болуы тиіс: «Жұртшылықты Шарон мырзаның қазіргі ахуалымен құлақтандыра отырып, оның ағзасындағы аса маңызды бірнеше мүше істен шыққанын хабарлаймын. Жағдайы өте нашар. Жалпы денсаулығы мен жасының егде тартқанын ескеру керек».

Ариэль Шарон 2001-2006 жылдар аралығында Израильдің үкіметін басқарған. Палестиналықтарға қатысты қатаң ұстанымда болған ол Израиль мен Иордан өзенінің солтүстік жағалауы арасына тосқауыл қойды.

2004 жылдың 4 қаңтарында инсульт алған Шарон комаға түседі. Нейрохирургия бөлімінде бірнеше рет операция жасалғанымен, есін жия алмады. Кеше ауруханада хал үстінде жатқан 85 жастағы экс-премьердің өміріне қатер төндірген бірнеше инфекциядан құтылу үшін ем-дом жасалып,  туғандары мен жақын туыстары Ариэль Шаронның төсегінің басына жиналған болса, бүгін кез келген ем дом атаулыдан бас тартып, оны үйіне шығарып алыпты.

Нұрахмет Қуат

http://www.turkystan.kz

 

 

Рубрика: