точка зрения 10 июля, 2015 Comments Off on ӘР ҚАДАМ ЖЕМІСІН БЕРЕ БАСТАДЫ

ӘР ҚАДАМ ЖЕМІСІН БЕРЕ БАСТАДЫ

ӨтеевМемлекет басшысы Н.Назарбаевтың бес институционалды реформаны іске асыруға бағытталған «Нақты 100 қадам» бағдарламасында мемлекеттік қызметтің жұмысын реттеу, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігіне жүктелді. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Шаттық ӨТЕЕВПЕН кездесіп, бұл бағытта қандай жұмыстар атқарылып жатқаны туралы сөйлескен едік. Шаттық Тынымбайұлы, «Нақты 100 қадамда» қайта құрылған агенттіктің рөлін күшейту туралы айтылды, құзырлықтарыңызға жаңа пәрмен берілді. Қойылып отырған жаңа талаптар мем¬лекеттік органдардың қызмет көрсету сапасын жақсартып, қызметшілердің кәсіби деңгейін көтереді, жемқорлыққа жол бермейді деп кесіп айта аласыз ба? – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Нұр Отан» партиясының ХVI съезінде Қазақстан Республикасының өркендеуі мен мемлекетіміздің әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына кіруіне байланысты айтқан бес институционалды реформаны іске асырудағы «Нақты 100 қадам» – мемлекет аппараты мен тұтастай қоғамның іс-қимыл жүйесін нақтылай түсетін тарихи құжат болып табылады. Ұлт көшбасшысының саяси ұстанымының арқасында Қазақстан тәуелсіз мемлекеттер достастығы арасында бірінші болып «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» Заң қабылдады. Барлық деңгейдегі мемлекеттік қызметшілер, маманнан бастап министрге дейінгі әкімшілік және саяси қызметкерлер қоғам мүшелерінің әуелі мемлекетке, содан соң мемлекеттік қызметке, оның институттарына деген сенімін нығайта түсуі; Мемлекеттік қызметке кірген адамның үш ай сынақ мерзімі, одан соң алты айдан кейін орналасқан жұмысына сәйкестігі жөніндегі бақылаудан өткен соң әрі қарай өсуі төменнен жоғары қарай сатылап өрлеу жолымен қалыптасатынына көзін жеткізулері міндетті. Осындай табиғи саты баспалдақтарынан өткен мемлекеттік қызметші ғана өзіне мемлекет пен қоғам тарапынан сеніп тапсырылған кез келген міндеттің аясынан шықпайды, шешім қабылдауда шалыс баспайды. Мемлекеттік қызметке жерлестік, таныстық, қоңырау шалу арқылы алынған «бармақ басты, көз қысты» әрекеттерден өзге жағдайлардың барлығында, мемлекеттік қызметке алғаш рет кіру мен іріктеу процедуралары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің рөлін күшейту мен орталықтандыру арқылы өтеді. Сондай-ақ мемлекеттік қызметшінің атқарған жұмысы мен қабілетіне қарай оның жалақысын да өсіріп отыру – мемлекеттік қызметшілердің жүйелі түрде сапалық жағынан өсуіне әсер етеді. Келешекте мемлекеттік қызметшілер жылдық жеке жоспарын орындаса, ал мемлекеттік органдар стратегиялық жоспарларды абыройлы алып шығатын болса – жетімсіз жалақы туралы мәселе күн тәртібінен түсетін болады. – Мемлекетіміздің сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейтуге, коррупцияны түбірімен жоюға байланысты өткен жылдың аяғында Президенттің Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының 2015–2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» күшіне енді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік бұл бағытта қандай жұмыстар атқарып жатыр? – Бүгінде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің жанындағы сыбайлас жемқорлықпен заң бұзушылық көріністердің алдын алу мен ескерту шараларын жүйелі түрде жүргізу үшін құрылған арнайы бөлімнің әр сәтті қадамы өз жемісін бере бастады. Ендігі жерде бүкіл мемлекеттік жүйеге жүргізіліп жатқан реформалардың заңды жалғасы ретінде мемлекеттік қызметшілер мен заң органдарының барлық сатысына қатысты мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң қабылданып, мемлекеттік қызметкерлдердің барлығы үшін ортақ аттестация жүргізіледі, атқарып отырған міндеттері бойынша мамандық талаптары күшейтіліп, ақы төлеудің жаңа жүйесі енгізілетін болады. Заңмен бекітілген ашықтық, мемлекеттік органдарда қоғамдық бақылауды күшейту арқылы «Үкімет – азаматтар үшін!» қағидасы бірыңғай мемлекеттік қызмет берушіге, мемлекеттік корпорацияға айналып, біздің азаматтарымыз ISO 9000 менеджмент сапасы стандартына сай мемлекеттік қызмет түрлерін бір жерден алу мүмкіншілігіне ие болады. Ол өз кезегінде мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тарту, азаматтар мен шенеуніктердің арасында болуы мүмкін сыбайлас жемқорлық әрекеттерінен аулақ болуға мүмкіндік береді. Мемлекеттік басқару жүйесіндегі мониторинг жасау кезінде белгіленетін процедуралардың азаюы, нақты жетістіктерге байланысты бағалау, бақылау және мемлекеттік аппарат жұмысының негізінде аудиттің жаңа жүйесін ендіру – жеке мемлекеттік қызметші мен тұтастай мемлекеттік органның барынша дұрыс шешім қабылдауына жағдай жасайды. – Мемлекеттік қызметтің жұмысы айқын, ашық болуы керек, жариялылыққа басымдылық беру керек деген пікірлер айтылып жүр... – Мемлекеттік қызмет органдары басшыларының жыл сайын халық алдына шығып, белгіленген басым бағыттар бойынша жариялы түрде есеп беруін, атқарылған жұмыс қорытындыларын арнайы Вебсайт беттерінде орналастыруды іс жүзіне ендіру – Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару жүйесінің тұжырымдамасын үнемі және үдемелі негізде іске асыруға мүмкіндік берері сөзсіз. Аталмыш реформалардың логикалық жалғасы ретінде жергілікті өзін-өзі басқару деңгейіндегі округ, ауыл, село, кент, аудандық негіздегі қалаға бюджет тізгіні беріліп, Алматы мен Астанада және облыс орталықтарында аймақтық бюджет жобасын талқылауға ат салысу үрдісі іске асырылатынын айтуға болады. Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың барынша ашықтығы – статистикалық база, қаржылық есепті жариялау, сыртқы қаржылық аудиттің қорытындылары, тиімділік пен мемлекеттік қызмет көрсетуге берілген қоғамның бағасы, республикалық, жергілікті бюждеттің орындалуы туралы есептер үшін онлайн қолжетімділігі қамтамасыз етіледі. Тұжырып айтқанда, Жоспардың әр қадамы тәуелсіз мемлекетіміздің байыпты дамуы мен барлық әлеуметтік топ өкілдерінің жағдайы үшін жасалған. Бес реформадағы «Нақты 100 қадамды» орындау – барлық бағыттарды бір мақсат жолында түйіндеген Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың стратегиялық тапсырмаларын жеделдетіп, әлемдегі дамыған 30 елдің қатарынан табылу үшін қоғамға беріліп отырған тарихи мүмкіндік. Осы тарихи 100 қадамды бір уысқа жинақтап, әр сала бойынша орындаушылар анықтаған кезде біздің Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен бастап, мемлекеттік қызметтер көрсететін барлық операторлар Қазақстан Республикасының өркендеуі жолында қойылған нақты мақсатты орындауға бір адамдай кірісіп кетуге болады. – Шаттық Тынымбайұлы, өзіңіздің құзырлығыңыздағы Алматы қаласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған қандай нақты шаралар жүргізілуде? – Сыбайлас жемқорлық пен заң бұзушылықтарға қатысты құқықтық мәдениет қалыптастыру, ескерту жүйесін жасау, оның туындау себебін азайту шаралына қатысты біздің Департамент тарапынан үкіметтік емес ұйымдар, Алматы қалалық білім басқармасына қарасты арнайы орта білім беру ошақтары, денсаулық сақтау басқармасының медициналық мекемелері, жастар саясаты басқармасы құзырындағы жоғары оқу орындарында, Алатау, Ауезов, Медеу және Жетісу ауданы әкімі аппараты мен мемлекеттік мекемелерінде, Алатау, Алмалы, Ауезов аудандарының ішкі істер басқармаларында, архитектура, қала құрылысы, жер басқармалары мен Алматы қаласының Әділет департаментінде , және басқа 80-ге тарта семинар-кеңес, кездесу, дөңгелек үстел, брифинг, тікелей желілер өткізілді. – Жемқорлықпен ұсталған мемлекеттік қызметкерлерге қатысты қанша қылмыстық іс қозғалды? – Жыл басын бері Департамент тергеушілерінің өндірісінде 318 қылмыстық іс болса оның 228-і сыбайлас жемқорлыққа қатысты, бүгінде соның 101-і заңды шешімін тапты. Кейінгі кездері кінәның түрі мен көлеміне келісіп, тағылған айыпты өз еркімен түгел мойнына алған жағдайда Департамент тарапынан сотқа дейінгі өндірісті жеделдету тәсілі іске асырыла бастады. Жыл басынан бері осындай жеделдетілген түрдегі өндірістегі 6 қылмыстық іс сотқа жіберілді. Басым бағыттар бойынша сотқа жолданған 7 істің төртеуі әкімшілік полиция, біреуі ішкі істер департаментінің әскери дәрігерлік комиссиясы бөлімі, бір-бір істен кедендік және салық жүйесіне қатысты. Бұл бағыттар бойынша қозғалған қылмыстық істердің қалғандары қазір тергелу сатысында, іс барысында барлық шаралардың аяқталуына орай сотқа жіберілетін болады. Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің 200-ші бабына сәйкес, тергеушілер тарапынан мемлекеттік органдар мен мекемелерге қылмыстың себебі мен өрбу жағдайын жою үшін 30 ұсыныс енгізілді. Соның ішінен 17 ұсыныс қаралып, 19 лауазымды тұлға мен қызмет иелеріне түрлі деңгейдегі тәртіптік шара қолданылды. Келтірілген шығындар бойынша жасалған жұмыстардың көрсеткіші ретінде кері қайтарылған сома 724 млн тенге. Керісінше, қылмыстық істердің кері қайтарылуы немесе қосымша тергеу жүргізу және азаматтардың конституциялық құқықтарының аяқасты болу деректері кездескен жоқ. Сондай-ақ, мемлекеттік сатып алу порталына дер кезінде мониторинг жасау арқылы мемлекеттік органдар өткізген конкурстарда тауар бағасының шектен тыс жоғары көрсетілуі деректеріне байланысты қызмет, тауар, жұмыс түрлеріне байланысты біз тарапынан қателіктерді түзету жайында 34 ұсыным беріліп, үнемделген бюджет қаржысының көлемі 133 631 815 теңгені құрады. Қандай нәрсенің де өз құны мен бәсі болады. Елбасы ұлттық қауіпсіздікке тікелей қауіп-қатер қатарына қойған сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға қатысты жүргізіліп жатқан барлық кешенді шаралар, соның ішінде біздің де негізгі міндетіміз – халыққа жасаған қызметімізбен өлшенеді. – Әңгімеңізге рахмет! Қайыржан ТӨРЕЖАН

Комментирование закрыто.