АЛТЫНОРДА
Новости

Ана тіліміздің аясын кеңейтуге атсалысыңыз

434_9349bb21efa41657f5c30c24264ccc79Астана. 24 тамыз. Baq.kz – Google Translate аударма қызметіне қазақ тілін қосу жобасы тестілеу кезеңіне өтті.

 Жақында Google компаниясы арнайы тестілеу бөлімін құрып, қазақ және ағылшын тілдерін білетін қолданушылардан Google Translate командасына қазақ тілін жүйеге қосуға көмек көрсетулерін сұрады.

Google Translate – Google компаниясы шығарған тілдер арасында автоматты түрде аударма жасайтын тегін қызмет. Ол адамның қатысуын талап етпейтін озық технология негізінде жұмыс істейді.

Қазіргі таңда Google Translate жетпіс бір тіл арасында аударма жасау мүмкіндігіне ие. Біз бұл тізімді ұлғайтуға күшс алудамыз. Қазақ және ағылшын тілдерін білетін кез келген азамат мұндағы аудармалардың сапасын анықтауғакөмектесе алады.

GoogleTranslate-кеқазақ тілін қосу жобасының бастамашысы ретінде “WikiBilim” қоғамдық қоры ана тілінің жанашырларын Googlе-дің аударма нұсқаларына белсенді түрде баға беруге шақырады. Кез келген қолданушы қазақ тілінен ағылшын тілінен емес екерісінше бағытта жасалған қысқа сөйлемдердің аудармасына «Өте жақсы», «Жақсы», «Қанағаттандырарлық» немесе «Нашар» деген белгілерді басу арқылы баға бере алады. Бір сөйлемге баға беру бір минуттан артық уақыт алмайды. Мүмкіндігінше көп сөйлемнің аудармасына баға беруге тырысқаныңыз жөн. Бұл қазақ тілін жүйеге тез қосуға және аударма сапасын жақсартуға көмектеседі.

Енді «Google аудармашы қалай жұмыс істейді?» сауал төңірегінде әңгімелесек. Google аудармашы сапалы аударма ұсыну үшін жүздеген миллион құжаттар ішінен үлгілер іздейді. Аударылған құжаттар ішінен қажет үлгілерді тапқан жағдайда, Google сәйкес аударманы таңдау үшін инттелектуалды болжам жасай алады. Сондықтан, жүйедегі адам аударып берген мәтіндер неғұрлым көп болса, машиналық аударманың сапасы да соғұрлым жоғары болады.

Сервиске жаңа тілді қосу үшін көп көлемде өзара дәлме-дәл аударылған сөйлемдердің жұптары қажет. Аударуға арналған материал MS Word файлы ретінде және Википедиадағы мақала түрінде Google Translate жүйесіне жүктеледі. Аударма қызметінің тесттік режимде жұмыс істей бастауы өзге тілдерде баламасы бар Википедианың қазақтілді тарауындағы мақалалар санының артуының нәтижесінде мүмкінболды.

Бұл не үшін қажет? Әрине, интернеттегі қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге ықпал етеді. Мәтіндерді, құжаттарды және сайттарды әлемтілдерінен қазақ тіліне және кері қарай оңай аударуға мүмкіндік береді.

GoogleTranslate-ке қазақ тілін қосу интернеттегі қазақтіліндегі мазмұнды дамытуға бағытталған маңызды жобалардың бірі.

 

 

«WikiBilim» қоғамдыққоры