17 марта, 2015 Comments Off on Америка қазақ қызының отансүйгіштігіне тәнті болды

Америка қазақ қызының отансүйгіштігіне тәнті болды

photo_69043Теннистан Америкада өтіп жатқан Индиан-Уэллс турнирінде мына бір сүйкімді қазақ қызы бүкіл көрермендерді таң қалдырды. Ол Зарина Диас ойнағанда, оны қолдап, Қазақстанның туын жоғары көтеріп, бүкіл көрермендерді тәнті қылды, деп жазады "Алаш айнасы".АҚШ-тың Калифорния штатындағы Индиан-Уэллс қаласында өтіп жатқан турнирдің екінші айналымында қазақтың талантты теннисші қызы Зарина Диас мен Американың жарық жұлдызы Серена Уильямс кездескен болатын.Әрине, бұл матч орталық кортта өтті. Әлемнің ең үздік теннисші аруы Серена Уильямстің өнерін тамашалауға келген америкалықтар да өте көп болды. Алайда солардың ішінде бір ғана қазақ қызы олардың бәрінен асып түсті. Көпшілік назары қолында Қазақстан туы бар қызға көп ауды.Бүкіл камера, бүкіл теледидар қызметкерлері қазақтың көк байрағын төбесіне көтерген қызды аңдумен болды. Суретке түсіріп алған фотографтар да жетерлік. Көрермендер мен турнир ұйымдастырушылары оның кім екенін білуге ынтық болып, бір-бірінен сұраумен болды.Ал ол болса, Заринаның әрбір ұпайына қуанып, оны аянбай қолдап отырды. Иә, жексенбі күні Индиан-Уэллстің орталық кортында қазақ қызына қайран қалмаған жан болған жоқ.Оның есімі Айжан екен. Американың алыстағы басқа қаласынан келіпті. Ұзақ жол жүріп, Қазақстан туын өзімен бірге ала келген екен.Мен кәсіби журналист емеспін. Жай ғана жанкүйермін. Әйтсе де, Айжан қарындасымыздың осы бір ерлікке пара-пар қылығын отандастарымыз білсе деп ойлайдым. Сол үшін "Алаш айнасына" қысқа ғана жазып жібергенді жөн санадым.Бұл ойында мен де осы кортта болдым. Мен де барлық америкалықтар мен барлық журналистер секілді Айжанның отансүйгіштігіне тәнті болдым.Қыздарымыз осылай бүкіл елді қайран қалдыра берсін. Заринаға да, Айжанға да ризамыз! Осындай қазақ қыздары көбейе берсе екен дейміз!Ербол Қабылов, Индиан-Уэллс (АҚШ)http://alashainasy.kz/Сурет Алаш Айнасы сайтынан алынды
Загрузка...

Комментирование закрыто.