14 февраля, 2014 Comments Off on «Алтынордаға» Қытай қазақтарынан келген хат

«Алтынордаға» Қытай қазақтарынан келген хат

вставитьҚазақстан Республикасы Сыртқы Істер Министрлігінің  Үрімші қаласындағы Төлқұжат және Виза Қызметі орталығының бастығы Ерлан Ибрагимов мырзаға

Алтынорда ғаламтор-газеті атынан қытайдағы қандастарымыздан.  Құрметті Е.Ибрагимов мырза ,Сізге хат жазуымызға Қазақ елі тарапына келіп түсіп жатқан шетел қазақтарының хаты себеп болып отыр.

Ашық хат

Құрметті Е.Ибрагимов мырза ,Сізге хат жазуымызға Қазақ елі тарапына келіп түсіп жатқан шетел қазақтарының хаты себеп болып отыр. Қытай қазақтарының елімізге оралуы немесе туыстарына қонаққа келіп-кетуі әркезде де қиын болғаны құпия емес.Ал соңғы кезде осы келіп-кету мәселесі бұрыннан да қиындап кеткен.

Қазақ елі мен шетелдік қазақтар арасында отырған Сіздерден, қазақтарға елге оралу және қонаққа келу ісіне қиындық тудырмай ,жеңілдік жасап ,көмек етулеріңізді сұраймыз.

Интернет басылымдарында кең таралып жатырған шетел қазақтарының хатына байланысты Сізге сұрақтарымыз төмендегідей:

1. Сіздерді қызметке кім тағайындайды және тағайындауда қандай талаптардан өтесіздер? Қазір қанша қызметкер жұмыс істейді ,олардың міндеті қандай? Қызметкерлеріңіздің бітірген оқу орындары мен соған сәйкес атқаратын қызметін көрсетсеңіз.Олар қанша мерзімге жұмысқа алынады?

2. Сіздерден бұрынғы берген сұхбаттарыңыз бойынша сұрағымыз :Сіздердің қызметке қызметкерлерді көп алып еркін жұмыс жасауға Қытай жағынан рұқсат жоқ ,сол себепті оларды қабылдауға үлгермей ,келушілер кезегі көп делінген .Білуімізше ғимарат ішінде келгендерді қабылдайтын терезелер 2 бөлмеге бөлінген.Келгендерді қабылдайтын бірінші бөлмедегі терезесі 2-еу,ал арғы бөлмедегі терезелер 4-5-еу екен.Ал сол құжат қабылдап отыратын жерде 2 терезеден қабылдамай, көбіне бір терезеден ғана бір адам қабылдап отырады (екен).Ал ішкі жағындағы көп терезелерде қызметкерлерден отырған ешкім жоқ,отырса да кейде 1-2 қызметкер отырады екен .Сонда ол бос орындарға,немесе Сіздердің ішкі жұмыстарыңызға Қытайдың саясаты әсер етеді деуге сену өте қиын болып тұр.Соны қалай түсіндіресіз?Сол бос тұрған терезелерге қызметкерлер тауып отырғызуға Кім шешім шығарады немесе Кім кедергі келтіреді? Мысалы: Қазақстандағы Шетелдің елшіліктері қанша адам өздеріне қызметке алуына не олардың өз іштерінде қалай жұмыс істеуіне Қазақстан тарапынан ешкім оларға жол көрсетіп отырмайтынын білеміз.

3. Қызметкерлердің келушілермен мәдениетті сөйлесіп және қанағаттанарлық қызмет көрсетуі үшін арнайы курстан өтесіздер ме?Себебі сіздер қазақ елінің шетелдіктер алдындағы келбетісіздер және келіп түскен хатта көрсетілгендей сіздердің қызметкерлердің өте дөрекі ,мәдениетсіз сөйлесетіні көрсетілген.

4. Қызметкерлеріңіз қазақ және ағылшын ,қытай тілдерінде емін еркін сөйлеп ,оқып,жаза ала ма?Себебі Қытайда қалалық жас қазақтар қазақша емес қытайша оқып,қазақшадан нашарлары да баршылық.Қалалық қазақша дұрыс білмейтін қазақтармен қытай тілінде еркін сөйлесе аласыздар ма?Ал қазақша сөйлейтін қазақтармен қазақша еркін сөйлесесіздер ме?Осы себеппен қызметкерлеріңіздің ағылшынша,қазақша ,қытайша сойлесе алатынын видеоға түсірсек деп едік.Білуімізше қызметкерлеріңіздің қытайшасын түсіну өте қиын екен.Ал ол жақта орысшаға ешкім жауап бермейтінін білеміз.Ал қазақшаны Үрімші қаласынан гөрі ауыл қазақтары жақсы сөйлейді.

5. Өз ғаламтор тораптарыңызда көрсетілгендей қытай қазақтары болсын не басқаларға қалайша славян арпімен анкета толтыруға талап қойасыздар?Қытай қазақтарының көбісі бұрынғы араб қарпіндегі қазақтың төте жазуымен жазады немесе қытайша жазады.Мысалы Қазақстандағы Қытай елшілігінде анкета толтыруда Қазақстандықтарға қытай иероглифімен жазу талабы жоқ.Ал Америкалық анкета халықаралық тілде ағылшынша толтырылады.

6. Қытай елі алдыңғы қатардағы Ұлы державалардың бірі екені белгілі.Қытай қазақтарының білімі біздің ел қазақтарының білімінен кем емес.Сол себепті анкета толтыруда аты-жөні мен мекен -жайын толтыру үшін аса білім қажет емес.Сондықтан оларды анкета толтыра алмайды,аты жөндерін жаза алмайды деп айта аласыз ба?

7. Қытай әлемдегі заңға мықты қатал мемлекеттердің бірі және бұнда парақорлық үшін ату жазасы бекітілген.Сондықтан жалған құжаттарды тексеруде қызметкерлеріңіз оны қалай дәлелдейді?Ол дәлелденген құжаттар мен азаматты Қытай құзырлы органдарына тапсырдыңыздар ма? Құжатты адам өзі жасай алмайтыны ,оны арнайы айналысатын топтың ғана жасай алатыны белгілі.Оның жалған екендігін қалай дәлелдейсіздер,әлде нақты сүйенетін деректеріңіз бар ма?Жалған құжатпен келген азаматтардың сандық тізімін көрсетсеңіз? Қытай заңы жалған құжат жасауға жол берген ел деп ойлайсыз ба?

8. Анкета толтырып,керекті құжаттарды тапсырса болды,берілетін визаны беруге қиындықтар туғызып,уақытты жарты жыл немесе бір жылға созу қызметкерлеріңіздін әдейі ақша алу үшін жасайтын амалы еместігін қалай дәлелдейсіз? Қытай қазақтарын виза беруде парақорлыққа тарту қызметкерлеріңіз арасында болғаны туралы не айта аласыз?Себебі өздеріңіздің жеке ғаламторларыңызда да делдалдықтың бар екені көрсетілген,сол сөз делдалдықтың шындығында сіздерде болғандығына дәлел екені көрініп тұр.Делдалдық өзі жеке дамымайды.Ол тек ғана сіздің қызметкерлермен қарым қатынасы болғаны себепті дамуы мүмкін .Бұған не айтасыз?

9. Келген қытай ұлттарының ішінен қазақ ұлтынан келген азаматтың қазақ екенін қандай құжатпен анықтап ,ол қазақтарға визалық жеңілдіктер мен оралман статусын алуына қандай көмек ете аласыздар .

10.Құжатта ұлты қазақ деп тұрса да қазаққа тиісті берілетін визаны не себепті бермейтіндеріңізді түсіндірсеңіз.Ол ҚР-ның қандай заңында көрсетілген.Себебі қазақ ұлтына сәйкес жеңілдікпен берілетін визаны ала алмай қиналатындар бар екен. Құжатта жазылған қазақ деген ұлтына қарамай, өздеріңіз ауызша қалаған ұлтпен тіркей алатын құқықтарыңыз бар ма?

11.Ғимараттарыңыз алдында ұзыннан ұзақ кезекте тұрған қазақтардың сүреттері келіп түсуде.Ол кезек таңғы 6-дан басталады екен және сол күні кезегі жетпей қалғандар солай кезегін күтіп апталап жүре береді екен және қысы-жазы да ғимарат алдында ішке кіре алмай.Оған не дейсіз?Не себепті оларды ғимарат ішіндегі залға кіргізуге болмайды?Себебі олардың арасында далада отырған қарттар мен балалы әйелдер де өте көп.

12. Сіздерге келушілер Сіздермен тікелей кездесе ме,әлде тікелей кездесуге құқы жоқ па? Елшінің кім екенін де ,түрін де көрмеген қазақтар жетерлік екен.

13. Бір адамға қызмет көрсету уақыты мен мерзімі қаншаға созылады?Мысалы ойша есептегенде әр 1 адамға 15 минут уақыт кеткенде ,азаннан түске дейінгі 4 сағат ішінде 16 адам ғана қабылдай алады екенсіздер.Ал түстен соң құжаттар таратасыздар.Ал қабылдайтын терезе көбіне біреу ғана.Осы себепті қызметкер санын көбейтуге Қазақстан тарапына ұсыныс жасадыңыздар ма?Қытайда оқып келген жоғары білімділердің саны 10 мыңнан асыпты.

14. Шетелде жүрген Қазақстан азаматтарымен қандай байланыстасыздар және оларға қандай көмектер көрсете аласыздар?

15. Сіздерде списанияға шығатын жихаздар,машина мен басқа да бағалы заттарды қайда өткізесіздер? Сіздердің қызметтеріңізді Қытай не Қазақстан жағынан тексеріп тұра ма?

16. Виза алуға қанша алыс жерлерден үлкен жастағы қарттар мен балалы әйелдер автобуспен қыс-жазға қарамай Алтай аймақтарынан 1000 км жерден,Қашғар,Қотан аймақтарынан 2000 км шамасында жолды автобуспен жүріп келетіндері бар.Осы себепке байланысты қазақтардың ең көп шоғыры орналасқан Алтай және Құлжа жақтан орталық ашу ойларыңыз бар ма?

Сіздердің беретін жауаптарыңыздың басылым бетінде халыққа жариялануы мүмкін екендігін ескертеміз.

китай

посольство

Загрузка...

Комментирование закрыто.