АЛТЫНОРДА
Новости

Алтынай Жорабаева келіншектерге «шошқа сияқты» тамақтанбауға кеңес берді

Алтынай Жорабаева келіншектерге Алтынай Жорабаева арықтағысы келетін келіншектерге «шошқа сияқты» тамақтанбауға кеңес берді. Әнші Алтынай Жорабаева өз сөзінде семіруге бейім екенін бұған дейін талай айтқан.

Оны көрермендер де сахнадан көріп жүр. Бір концертте Алтынай толық көрінсе, келесі айда мүлдем арық болып шығады деп көпшілік көп айтады. Осыған байланысты Алтынайдың табынушылары өзінен арықтау бойынша жиі кеңес сұрайды екен.

Осы жолы инстаграм парақшасына жазған кеңесінде әнші азу үшін жасаған әрекеттерінің бәрін тізіп жазған. Түрлі дәрілер, сироптар, диеталар мен массаж, дене жаттығуларының бірталайын қолданып көріпті.

Сөзінде азамын деген адам, кеңесшінің айтқанын бұлжытпай орындауы керек дейді.

Соңына таман семіруге бейім келіншектерге тамаққа шек қоюға кеңес береді. «Шошқа сияқты жесең (кешірім сұраймын) 2-3 есе семіресің» дейді әнші. Бұл сөзін анайы деп санаған оқырмандары әншіге сыпайырақ жазуға кеңес берген.

news.nur.kz


Толығырақ: http://alashainasy.kz/culture/altyinay-jorabaeva-kelnshekterge-shoshka-siyaktyi-tamaktanbauga-kenes-berd-64520/

материалды қалай болсын қолдану тек қана Alashainasy.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі