назарбаевБіздің мемлекетіміздің басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бұл күндері бүкіл еуропалық елдер тартылған дауға ұрынған мемлекет көшбасшыларына  үндеу жолдап, осы ахуалдан шығу жоспарын ұсынды.

Орыстар…

Путиннің Қырымның құтты жеріне еккен соғыс тұқымдары тамыр жая бастады. Соңғы жылдары мұнай мен газ нарығында орын алған қолайлы жағдайдың арқасында Ресей экономикалық жағдайын елеулі нығайтып алды. Енді ол, кейбір ресейлік саясатшылар айтқандай, «Өздері жақында түрлі зәбір көрген» жақын көршілерімен басқаша сөйлесуге кіріскендей.

жирик

Осы орайда, оның Қырымға баса көктеп кіруін Америка Құрама Штаттары бастаған бүкіл еуропалық қауымдастыққа сес көрсету деп қабылдауға болады. Көрдіңдер ме, біз әлемдік сахнаға жаңа сипатта оралдық, енді бізбен санасуларыңызды талап етеміз. Егер барлығын күшпен шешетін болсақ, біздің күшіміз жеткілікті, дегендей.

Осы тұрғыдан алсақ, кекшілдік идеясының жетегінде жүрген орыс саясатшылары Қырым үшін ғана емес, сондай-ақ бүкіл Украина үшін де соғысуға дайын.  Олар өз ойынын осыған дайындауда.

Украиндықтар…

Бұл жерде мәселе басқада – президент Янукович және оның алдындағы билеушілер кезінде қанатын кең жайған сыбайлас жемқорлықтың салдарынан елдің қорғаныс қабілеті елеулі әлсірегенін ескерсек, Украинаның өзі Қырым үшін шайқасуға дайын ба екен. Қырық мыңдық украин армиясы корпусынан тек алты мың солдат қана ұрыс жүргізуге қабілетті деп саналады екен. Егер украиндықтарға қарсы екі жүз миырма мыңдық ресейлік әскери топтың соғысуға дайын екенін ескерсек, бұл түкке тұрмайтын күш.

яценюк

Бірақ екінші жағынан, украиндықтардың өте күшті одақтастары бары,  ал украиндық армияны жұмылдыру мен қайта қаруландыруға көп уақыт кете қоймас. Мақтауы жер жарған американдық М-16 винтовкасынан кем түспейтін «Калашников» автоматтары олардың өздерінде де жетіп жатыр, ал ескірген кеңес танкілері мен бронетранспортерларының орнына олардың батыс елдерінде жасалған аналогтарын игеру, «Жигулден» «Мерседеске» отырғаннан қиын емес шығар.

Бұл жерде ескеретін маңызды нәрсе, ресейлік автоматтар астында өткізілмекші референдумның нәтижесі қандай болса да, украиндықтар Қырымды Ресейге бермейді. Оларда соғысқа дайындалып жатыр, атап өтерлігі, украин ұлты бұл соғысты елге баса көктеп кірген басқыншыларға қарсы бағытталған әділетті, халық–азаттық соғыс ретінде қабылдауда.

Бұл жағдайда ең бастысы халық жағында рух тұр. Ал украиндықтар өздерінің жауынгер халық екенін тарихта талай рет дәлелдеген.

Немістер…

Барлық еуропалықтар туралы айту керек еді, бірақ мен немістерге жеке тоқталуды жөн көрдім. Немістер кезінде Гитлерді қолдады. Герман фашизмі деген түсінік осы ұлтпен тығыз байланыста. Олардың өткен қылмыстарды мойындап, шынайы өкінгеніне қарамастан, неміс халқының көкірегінде кінәлілік сезімі әлі күнге дейін бар.

меркель

Ал қазір оларға саяси ақталудың тамаша мүмкіндігі туып отыр. Егер неміс халқы барлық «прогрессивтік күштерді» бастап, жаңа сипаттағы «фашизмге», бұл жолы ресейлік фашизмге қарсы күреске шықса, мұны тамаша етіп көрсетуге болады.

Бүгінде Батыстағылар Путин мен Гитлерді салыстырып, ұқсастықтар табуда. Бұл ұқсастықтар күненнен күнге кеңейіп, Ресейдің өзінде де, бүкіл әлемде де тарала береді. Атап айтарлығы, Ресейде халық Путинді бүгіннің өзінде Путлер деп атауда.

Ал біз әлі батыстық бұқаралық ақпарат құралдарын жапай жұмылдыруды және оларды соғыс насихаты арнасына аударуды көріп отырған жоқпыз. Жақын арада ондай ахуал орын алуы мүмкін. Біздің планетамызда «бас бұзарлар» кім деген мәселе туындаған кезде батыс елдерінің ақпараттық қуатын толық көретін боламыз.

Атап айтарлығы, егер батыс Ресейді жеңсе, онда жаңа Нюрберг процессіне дәл осы немістердің төрағалық етуі ғажап емес.

Американдықтар….

Бүгінде американдықтар өз сыныбында көшбасшы болып табылатын спортсмен– боксшы және ұқыпты оқушы іспетті. Мұндай көшбасшы еліріп кеткен басбұзарды ауыздықтап қана қоймай, кішкене баланың басынан сипап, қыз баланың жасын да сүртеді. Енді осы сыныпқа басбұзар келіп, бүкіл сыныптың көзінше оқушы Украинаны тізерлетпекші.

обама

Міне, осындай кезде егер ұқыпты  спортсмен– боксшының қолында бүкіл сыныпты күл-талқан ететін әскери граната болса, не істейді.

Кеше ғана өзінен қорыққан басбұзарлар сынып алдындағы беделіне нұқсан келтірмеу үшін көшбасшы зәбірлеушіні тәубесіне келтіруі керек. Бірақ бұл қауіпті. Басбұзар да қалжыңдап тұрған жоқ қой.

Солай десек те, ел абырой бәйгеге тігілген тұста, Америка шет қалуды жөн көрмеді. Егер АҚШ Штаб бастықтарының біріккен комитетінің басшысы Мартин Демпсидің сөзіне сенсек, әскери қажеттілік керек етсе, АҚШ өзінің Еуропадағы және Украинадағы одақтастарына көмек көрсетеді.

Қазақтар…

Біздің мемлекетіміздің басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бұл күндері бүкіл еуропалық елдер тартылған дауға ұрынған мемлекет көшбасшыларына  үндеу жолдап, осы ахуалдан шығу жоспарын ұсынды. Назарбаев Украинаның егемендігі мен аумақтық тұтастығын Украинадағы орыстілді азаматтардың, сондай-ақ Ресейдің осы елдегі мұнай-газ саласынан басталып, зымыран-ғарыш саласына ұласатын мүдделерін ескеруге айырбастауды ұсынып отыр.

назарбаев

Дәл осы нұсқа дауға тартылған мемлекеттерге өз келбетіне нұқсан келтірмеуге мүмкіндік береді. Барлығы өзін жеңімпаз сезінеді, оның ішінде, Ресейде.

Атап айтарлығы, бұл жерде маңыздысы, осы жол Ресейге, Америкаға және ЕО елдеріне Украинаны елді мекендейтін барлық этностардың мүдделері қорғалған гулденген және өркениетті елге айналдыру жолында толыққанды  халықаралық қызметтестікке көшуге мүмкіндік береді. Бұл, әлбетте, істі Үшінші дүниежүзілік соғысқа ұластырғаннан әлдеқайда артық ….

Рубрика: