АЛТЫНОРДА
Казахи за рубежом

Алтай Әбибуллаев: Шетелге кеткен сәбилердің саны 9 мыңға жуықтайды

da8c011ba85c3f598686e478a127cf09Тәуелсіздік алғаннан бері қарай шекара асып шетелге жөнелтілген қазақстандық жетімдер саны 9 мыңға жуықтайды екен.

Бас прокуратураның мәліметтеріне сүйенсек, бүгінгі таңда еліміздегі жетімдер мен ата-ана қамқорлығынсыз қалғандар саны 33 мыңнан асады. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің арнайы өкілі Алтай Әбибуллаев мәлімдеді.

Оның сөзінше, 23 жылдың ішінде шетелдіктер Қазақстаннан 8 мың 893 баланы асырап алған. Бұл – тәуелсіздік алған күннен бастап былтырғы жылдың 31 желтоқсанына дейінгі дерек. Ал биылғы жылдың алты айында шетелдіктер 13 баланы асырап алыпты.

http://aynaline.kz/archives/5903