АЛТЫНОРДА
Новости

Алматыда жастарды жұмысқа орналастыру проблемасы талқыланады

Астана. 12 наурыз. Baq.kz Алматыда жастарды жұмысқа орналастыру проблемасы талқыланады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі қалалық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармаға сілтеме жасап.  

 

Алматыда ертең жастарды жұмысқа орналастырудың проблемалық салалары талқыланып, еңбек нарығында жүргізілген зерттеулердің нәтижесі жария етіледі.

Іс-шараны қалалық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма, «Elite» рекрутингтік агенттігі, «Срочно Требуется» газеті ұйымдастырып отыр.

Баспасөз конференциясында сарапшылар зерттеу нәтижелерін ұсынып, жастарды жұмысқа орналастыру кезінде туындайтын проблемалар туралы әңгіме қозғайды.

Bnews.kz