Жапония елшілігінің Алматы қаласындағы бөлімшесі және Олег Борецкийдің киноклубы “Цезарь” кинотеатрының қолдауымен жапон киносының фестивалін өткізеді. Алматыда осымен 13-ші рет өткелі тұрған шара аясында күншығыс елінің тарихы мен мәдениетін, тұрмыс-салтын паш ететін кинотуындылар көрсетілмек. Фестиваль 2013 жылғы 1-3 наурыз аралығында ұйымдастырылады.
Киножиында Жапонияның әлемге танымал анимесінен бастап қазіргі заманның комедиялары мен терең драматиканы қамтитын 5 туындысы көрсетілмек.
Көрсетілім кестесі:
1 наурыз (жұма)
– 19:00 – Фестивальдің ашылуы. “Электричка Ханкю” (“Hankyu densha”) / драма, комедия, 2011
2 наурыз (сенбі)
– 15:00 – “Коротышка Маруко” (“Chibi Maruko-chan”) / комедия-анимэ, 1990
– 17:00 – “Адреналиновая гонка” (“Adorenarin doraibu”) / комедия, 1999
3 наурыз (жексенбі)
– 15:00 – “Счастливый полёт” (“Happy Flight”) / комедия, 2008
– 17:00 – “Дора-Хейта” (Dora-heita) / комедия, боевик, 2000
Барлық фильмдер жапон тілінде орысша субтитрмен көрсетіледі. Билет құны – 300 теңге.
Дереккөз: kino.kz
Рубрика: Новости