АЛТЫНОРДА
Новости

Алматыда Украина тәуелсіздігі күнін атап өтті

Жексенбі күні Алматыда Украина тәуелсіздігінің 23 жылдығына арналған шара өтті деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Жергілікті уақытпен сағат 11-де украин ақыны Тараз Шевченконың Алматыдағы ескерткішіне гүл қоюдан басталған шараға Алматыдағы Украина консулдығы қызметкерлері, Украина азаматтары, қазақстандық белсенділер мен блогерлер қатысты. Олар шараға Украина мен Қазақстан туларын ұстап келді. Жиында қазіргі кезде күрделі кезеңді басынан кешіп жатқан Украинаға қолдау сөздер айтылды.

– Бұл күн, әсіресе биыл украин халқы үшін ерекше маңызға ие. Украинаның тәуелсіздігін әлемдегі барша елдер, соның ішінде Қазақстан да қолдап отыр. Қазіргідей сын сағаттарда Украина әлемнің әр түкпірінен, ең алдымен Еуропа Одағы, АҚШ, Ұлыбритания, Жапония сияқты және көптеген басқа елдерден қолдау көріп жатыр, — деді жиында сөйлеген Алматыдағы Украина консулының міндетін уақытқа атқарушы Сергей Бобошко.

Шара барысында оған қатысушылар «Слава Украине! Героям слава!» деп айғайлады. Шевченко ескерткіші жанындағы жиынды полиция қызметкерлері мен жай киімдегі адамдар сырттай бақылап тұрды, бірақ ешкімді ұстаған жоқ.

Бас-аяғы жарты сағаттан сәл көп уақытқа созылған жиын бейбіт түрде тарады.

http://www.azattyq.org/archive/news/20140824/330/330.html?id=26547341