23 октября, 2015 Нет комментариев

Алматыда сынып ішіндегі шам құлап, оқушының саусағын сындырды

 

Алматыда сынып ішіндегі шамның сыртқы қаптамасы құлап, оқушы қызды мертіктіре жаздады. Әйнек 3-ші сынып оқушысының саусағын сындырып жіберген. Ал оның ата-анасы осы оқыс жағдай үшін мектеп ұжымын кінәлауда деп хабарлайды КТК арнасы.

кыз бала

Тура сабақ кезінде құлаған аспалы шам қаршадай қыздың оң қолының шынашағын сындырып жіберіпті. Ашуға булыққан ата-ана мектеп директорын түтіп жеді.

Сабақ кезінде болған оқиға туралы ата-анасы тек баласын мектептен алып кетерде бір-ақ білген. Фортепианода ойнайтын 9 жасар Дарья халықаралық жарыстарға қатысып жүрген талапты қыз бала екен. Әке-шешесі енді баланың болашағына алаңдап отыр. Ал мектеп директоры бұны жазатайым жағдай деп ақталды.

“Сынып жетекшісі баладан қандай жағдайда екенін сұрады. Бала қатты ауырмайтынын айтты да, содан кейін екі сабақ отырды. Әрине мен өзімді кінәсізбін деп айтпаймын ғой. Енді бұл көріп отырсыз, «қайғылы жағдай» дейміз ғой”, – деді №103 мектеп-гимназияның директоры Манат Әшірбекова.

http://www.nur.kz/

Загрузка...

Добавить комментарий

You must be logged in to post a comment.