656Алматылық полицейлер қалада заңсыз жүрген мигранттарды анықтауға арналған үш күндік шара өткізуде, деп хабарлайдыBNews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

11-13 қараша аралығында тәртіп сақшылары Алматыда заңсыз жүрген, еліміздің көші-қон заңнамасын бұзған келімсектерді анықтауға арналған жедел шара өткізеді. «Шараның алғашқы күнінде көші-қон заңнамасын бұзған 371 адам анықталды, олардың 213-і шетел азаматтары. Сонымен қатар 13 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды. Олардың алтауы заңсыз шетелдік жұмыс күшін тартқан жұмыс берушілер. Алғашқы күннің қорытындысы бойынша жеке куәлігі жоқ 14 азамат қабылдау-бөлу орнына жеткізілді. 78 шетелдіктің елімізде болу мерзімі қысқартылды»,-деді Алматы қалалық ІІД Көші-қон полициясы басқармасы басшысының орныбасары полиция подполковнигі Е. Алтаев.

Е. Алтаев сауда үйлері, дәмхана, мейманхана, көңіл-көтеру орындары, базарлар, жатақханалар мен басқа да орындар тексерілетін болады деді.

 

http://bnews.kz/kk/news/post/170229/

Рубрика: