29e0fa06ae45ef663836ba633c74a723Алматыда 12-13 қазанда Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды BNews.kzтілшісі қалалық әкімшіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

12-ші қазанда Алматы қаласының Астана алаңында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Оған Өскемен, Зырян, Глубокое, Қатон-Қарағай, Ұлан және басқа аудандарының ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері қатысады.

Жәрмеңкеде шығысқазақстандықтар 38 тонна бал, 3 тонна шұжық және сүт өнімдерін, 6 тонна жарма, 4 тонна құс еті мен 7,5 тонна ет ұсынады. Тауарлардың бағасы 10-20%-ға арзан болмақ. Сонымен қатар 13-ші қазанда сағат 10-да «Бал жәрмеңкесі» ұйымдастырылады.


 

http://bnews.kz/kk/news/post/163883/

Рубрика: