АЛТЫНОРДА
Новости

Алматы облысының әкімі ардагерлерге Елбасының құттықтауын жеткізді (ВИДЕО, ФОТО)

АЛМАТЫ. 27 желтоқсан 2014, 14:39. BNews.kz

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Мемлекет басшысының тапсырмасымен Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында өңірдегі соғыс ардагерлеріне Елбасының құттықтау хатын табыстап, Жаңа жылдық сыйлықтар берді, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Нақтырақ айтқанда, Амандық Баталов Іле ауданында тұратын К.Әлімбаев пен И.Тяжкоробтың үйінде болды.

Көшерхан Әлімбаев Германия және Жапониямен болған ұрыстарға қатысқан, 27 медалі бар, оның ішінде екінші дәрежелі Отан соғысы ордені, «Ерлігі үшін» «Германияны жеңгені үшін», «Жапонияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған.

Сонымен қатар, өңір басшысы Іле ауданының азаматы, ардагер, бірқатар медальдар мен мерейтойлық марапаттардың иесі Иван Тяжкоробты да құттықтады.

http://bnews.kz/kk/videonews/post/246420/АЛМАТЫ. 27 желтоқсан 2014, 14:39. BNews.kz
Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Мемлекет басшысының тапсырмасымен Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында өңірдегі соғыс ардагерлеріне Елбасының құттықтау хатын табыстап, Жаңа жылдық сыйлықтар берді, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Нақтырақ айтқанда, Амандық Баталов Іле ауданында тұратын К.Әлімбаев пен И.Тяжкоробтың үйінде болды.

Көшерхан Әлімбаев Германия және Жапониямен болған ұрыстарға қатысқан, 27 медалі бар, оның ішінде екінші дәрежелі Отан соғысы ордені, «Ерлігі үшін» «Германияны жеңгені үшін», «Жапонияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған.

Сонымен қатар, өңір басшысы Іле ауданының азаматы, ардагер, бірқатар медальдар мен мерейтойлық марапаттардың иесі Иван Тяжкоробты да құттықтады.

http://bnews.kz/kk/videonews/post/246420/