АЛТЫНОРДА
Новости

«Алматы гүл-қала» фестивалі өтті

тт

Алматы. 26 мамыр. Baq kz- Алатау бөктеріндегі ару Алматы гүлдер әлеміне айналды. Өйткені, бүгін шаһардағы тұңғыш президент саябағында бұқара халықтың сүйікті мерекесіне айналған гүлдер фестивалі басталды.Бұл туралы «Қазақстан» телеарнасы хабарлады.

Дәстүрге айналған мерекеде түрлі флористикалық композициялар мен табиғи гүлдермен өрілген мүсіндер қойылды. Көздің жауын алатын бұл өсімдіктердің қатарында шет елде өсірілетін шоколадты ғаламшар, кокио, ютон полуа сынды сирек гүлдер де кездеседі.
Гүл мерекесінің көркін келтіріп, әрін ашқан әрине, флористер. Биылғы шараға Ресей, Украина, Голландиядан келген гүл өсірушілер өз тәжірибелерімен бөлісіп, байқау ұйымдастырды. Өз еңбегінде ұлттық құндылықтарды көрсеткен ең үздік композиция, марапатқа ие болды.

«Мен өзімнің экспозициямды мектеп бітіруші түлектерге арнадым. Соның ішінде бой жеткен қыздарға. Бұл әдеміліктің, сұлулықтың символы болып келеді» — дейді байқауға қатысушы Ақбота Шалданбаева.
Ал фестивалде табиғи гүлдермен көмкерілген теміртұлпарлар шеруі жылдағыдан өзгеше болды. Гүлдермен өрілген әрбір көліктің айналасында қаланың символы мен Медеу, Шымбұлақ, Республика сарайы сынды нысандар бейнеленді.
Биыл фестиваль мектеп бірітушілердің соңғы қоңырау мерекесімен қатар келді. Содан болар бүгін саябақта түлектердің қарасы көп. Жастар күнделікті өмірде кездесе бермейтін гүлдерге тәнті болып, олардың маңында суретке түсуге асықты. Ал кейбіреулері мұны жақсы ырымға балап, арман-тілектерін жеткізді.

http://www.baq.kz/kk/news/29062