02 ноября, 2015 Comments Off on ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР КӘСІБИ МЕРЕКЕСІН АТАП ӨТТІ

ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР КӘСІБИ МЕРЕКЕСІН АТАП ӨТТІ

00136-640x366Оңтүстік Қазақстан облысында әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің мерекесі аталып өтті. Салтанатты жиынға қатысқан облыс əкімінің орынбасары Е.Айтаханов бес мыңға жуық сала мамандарын мерейлі мерекемен құттықтап, өз жұмысында елеулі еңбек етіп жүрген 48 қызметкерді марапаттады. Онда əлеуметтік саланың бірқатар үздік қызметкерлері ҚР Үкіметінің «Еңбек ардагері» жəне ҚР Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрлігінің «Əлеуметтік саланың үздігі» төсбелгілерімен наградтталып, облыс әкімінің Құрмет Грамотасы мен Алғыс хаттары табыс етілді. Атаулы күні медициналық-əлеуметтік мекемелерде емделуші мүмкіндігі шектеулі жандардың жасаған қолөнер бұйымдарының көрмесі көпшілік назарына ұсынылды. Сонымен қатар, "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасы аясында бизнесін бастаған кəсіпкерлер өз өнімдерінің жəрмеңкесін ұйымдастырды.

http://ontustik.gov.kz/

Загрузка...

Комментирование закрыто.