Астана. 3 мамыр. Baq.kz Nua.in.ua-ның таратқан мәлімдемелеріне сенсек, адам денсаулығы үшін ең қауіпті азық – бояғыш қосылған, тәтті, газдалған сусын. Ғылыми дәлел тапқан диетологтер газдалған судан жаппай бас тартуға шақырып отыр.

Дәрігерлердің айтуынша, бір күнде бір рет газдалған, құрамында бояғышы бар тәтті сусынды ішу екін­ші дәрежелі қант диабетіне шалдығу қаупін 22%-ға дейін ұлғайтады. «Соң­ғы кездері әлемдік проблемаға айналған семіздік пен артық салмақ­тың салдарынан пайда болатын аурулардың туындауына да себепші болып жүрген осы қант пен газдалған сусындар» дейді мамандар. Ғалым­дардың зерттеу жұмыстарының нәтижесі тәтті, газдалған сусындар­дың адам ағзасындағы ұйқы безінің көмірсу алмасуын реттейтін гормон­дарының жұмысын бұзатындығын дәлелдеген. Лондонның Им­перия­лық колледжінде жүргізілген зерт­теудің авторлары бұл жаңалық қоғамды газдалған сусындардан қорғауға өз септігін тигізеді деген үміт артып отыр. Әсіресе тәтті су­сынға тым үйір балалар мен жас­өспірімдердің денсаулығын зиянды қоспалардан арашалауға атса­лы­сайық, ағайын!

Алаш айнасы

Рубрика: