АЛТЫНОРДА
Новости мира

Әлем айшықтары

КҮННIҢ ЫСТЫҒЫ САЛДАРЫНАН ЖАРҒАНАТТАР ӨЛДI“Австралияда күннiң күрт ысып кетуiнен жарғанаттар өлуде”, – деп жазады The Teleqraph.

Қаңтар айының басында Австралияның солтүстiк батысында орналасқан Квинсленд штатында күннiң ыстығы 43 градусқа дейiн көтерiлдi. Бұл ыстықтың кесiрiнен 100 мыңдай жарғанат қырылып қалған. Көбiсi ұшып жүрiп өлiп, жерге құлап жатты. Қалада өлген жарғанаттарды жинау үшiн арнайы бригадалар ұйымдастырылды.
Қазiргi кезде Квинслендте ауа райы қалпына келдi. Мұнда қазiр 30-35 градус ыстық.
ӘЛЕМДЕГI ЕҢ КIШКЕНТАЙ ИТ КӨЛIК АПАТЫН ЖАСАДЫ
Жақында АҚШ-тың Вашингтон штатында мынандай жағдай болды. Автокөлiкте отырған Тоби атты ит иесiнiң көлiгiн “айдап”, бағдаршамда тұрған автомобильге барып соқтығысты. Бұл туралы The Examiner хабарлайды.
Тоби чихуахуа тұқымынан. Чихуахуа – әлемдегi ең кiшкентай ит. 1850 жылдары оны Мексиканың Чиуауа штатынан табады. Соған байланысты иттiң бұл түрiн чихуахуа деп қойған.
Тоби соққан көлiктiң иесi алғашында не болғанын өзi де бiлмей қалған. Кiшкентай иттiң машина рөлiнде отырғанын көрген оның алғашқы ойы “Мен жынданған шығармын” болыпты. Абырой болғанда екеуi де дiн аман. Тек екi көлiкке аз-маз зақым келген.
Аз уақыт өткен соң ит отырған көлiкке машина иесi де келiптi. Оның айтуынша, көлiк от алып тұрған. Мүмкiн, Тобидiң “қыдырғысы” келген шығар.
Мұндай оқиға 2012 жылы Мәскеу қаласында да болған. Үш ит машинаны “айдап” кетiп, көлiк апатын жасап, өздерi қашып кеткен.
ӨЗЕНГЕ ТҮСIП КЕТКЕН ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОНДЫ АЛМАҚШЫ БОЛЫП…
“Чикагоның орталығында бiр ер адам өзенге түсiп кеткен ұялы телефонын аламын деп суға батып өлдi” деп жазады жергiлiктi The Chicaqo Sun-Times газетi құқық қорғау органдарына сiлтеме жасай отырып.
Оқиға кешқұрым болған. 26 жастағы жiгiт Чикаго өзенiне байқаусызда ұялы телефонын түсiрiп алады. Еңкейiп телефонын алмақ болған сәтте аяғы тайып кетiп өзi де, оған көмектеспекшi болған жолдастары да суға түсiп кетедi. Жолдастарының бiрi 23 жастағы жiгiт, ал екiншiсi 21 жастағы бойжеткен екен.
Өзен бойында қыдырыстап жүргендер дереу құтқарушыларды шақырады. Құтқарушылар өзеннен екi адамды шығарып алады. Бiреуi ауруханада қайтыс болады. Екiншiсi дәрiгерлердiң қара­уында. Ал 21 жастағы бойжеткендi құтқарушылар қанша iздегенiмен, таппайды. Ол қазiр iз-түзсiз жоғалғандардың қатарында.