АЛТЫНОРДА
Новости

Ақтөбелік оқушылар туған жер тарихын зерделеуде

434_2416e9ae00bdca97f71da237bc76e0bcАСТАНА. 20 шілде. BAQ.KZ — Ақтөбелік мектеп оқушылары мен студенттер тарих тереңіне үңіліп, Қобда ауданының аты аңызға айналған тұлғаларының өмірбаяндарымен танысу мүмкіндігіне ие болды. Жазғы демалыс кезінде олар үшін облыстық мұражай ғимаратына аудандық музейден арнайы әкелінген көрме жұмыс істеуде.

 Алғашқы жәдігерлер онда өткен ғасырдың 80-шы жылдарынан жинақтала басталған көрінеді. Қобда жері батырларға кенде емес. Халық Алтай батыр мен Исатай Таймановтың ерлігін ешқашан ұмытпайды. Бұл өлке – Жездібай мен Малай батырлардың және бүкіл қазақ елінің мақтанышы, Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың кіндік қаны тамған жер. Сәулет өнерінің бірегей үлгісі – Абат-Байтақ кесенесі де осы ауданда орналасқан. Ал 2007 жылы бұл өңірде тағы бір тарихи ескерткіш бой көтерді. Қобда ауданының Жиренқопа кентінде Қобланды батыр сүйегі қайта жерленіп, қазақтың қаһарман ұлына ескерткіш кешен орнатылған еді.

Күнзия ҮМБЕТОВА, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ МҰРАЖАЙЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ: 
-Сондай-ақ, көрмеде жергілікті суретші Ерқосай Әбіловтың еңбектері қойылған. Ол мұнда өзінің «ер қару», «бес қару» секілді қазақ батырлары туған жерін жаудан қорғаған кезде қолданған қаруларын ұсынады. Өз еңбектерінде жас ұрпақты қарулардың түр-түрімен таныстыруды мақсат тұтқан автор нағыз батырлар қаруының бес түрін де еркін қолдана білгенін көрсетеді.

Хабар