21 сентября, 2015 Comments Off on Ақтауда қаза болған сарбазды үйінде қалыңдығы күтіп отырған

Ақтауда қаза болған сарбазды үйінде қалыңдығы күтіп отырған


pogudx7hn7q65abqi.6faaf407 (1)Ақтауда қаза болған сарбаз Замир Әділовтің немере әпкесі бақилық болған ағасы туралы айтып берді. Сарбазды жерлеу рәсімі 20 қыркүйекте өтті.

Бұл туралы Today.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Тусытарының айтуынша, жігіт батып кеткен БТР-дан бірнеше әріптесін құтқарып үлгеріп, ерлікпен көз жұмған. Замирдің әпкесі Малика Юлдашева ұлының жайдарлы, жақсы азамат болғанын айтуда.

“Замир- өте мейірімді, қамқор жігіт. Отбасымызда ол үш ағайындының ортаншысы болатын. Ол өте жайдарлы, жақсы азамат еді”, – дейді әпкесі.

Замирдің немере әпкесі оның қайтуын күтіп отырған сүйіктісі барын жасырмады.

“Оның сүйіктісі бар. Әскерден қайтқанда Замир ғашығы оқуын бітіргенше бір жыл жұмыс істей тұруды жоспарлаған болатын. Сосын оған үйленбек болды. Ол Замирді біз секілді әскерден сарғая күтті”, – дейді Малика.

Жас сарбаздың болашаққа құрған жоспарлары да көп болған.

“Оның мамандығы – “технолог”. Аспазшы болып жұмыс істеген. Алайда әскерге барғалы сол салада мансап құруды армандайтын. Ол әскерге баруға үлкен құлшыныс танытқан еді”, – дейді қаза болған жігіттің әпкесі.

Замир спортта да өз орнын сайлап үлгерген екен.

“Ол спортты сүйетін. Біздің чемпион, біздің боксшы. Оның жеңген медальдары мен грамоталары үйде толып тұр” – дейді Малика Юлдашева.

Бойжеткен Замирдің 15 қазанда үйге аман есен оралуы тиіс болғанын айтты. Алайда 20 қыркүйекте тағдырдың жазуымен оның жерлеуі өтті.

“Оны батыр сияқты ақтық сапарға шығарып салды. Оркестр ойнап, аспанға оқ атылды.  Себебі ол суға кетпестен бұрын БТР-дан бірнеше қызметтесін шығарып үлгерген екен. Үшеуін немесе төртеуін деді, нақты есімде қалматы. Ол біздің батырымыз “, – дейді Малика.

Ал Замирдің қазасынан кейін қанша өтемақы берілгенінен немере әпкесі бейхабар.

“Конверт әкелгенін білемін. Бірақ шынымызды айтсақ, оны ешкім ашып қараған да жоқ”, – дейі бойжеткен.

Еске салсақ, 18 қыркүйекте, Каспийдегі оқу-жаттығу барысында мерзімді қызметтің 4 әскери қызметшісі суға кеткен. Атап айтсақ, Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданынан әскер қатарына алынған 19 жастағы Бауыржан Жолдыбай мен Атырау облысы, Құлсары ауданынан шақыртылған Асылжан Махамбетов қаза тапқан.

Бұдан өзге, суға кеткендер қатарында Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданынан келген 23 жастағы Замир Әділов пен Атырау облысы, Мақат ауданынан шақыртылған 19 жастағы Бақытжан Қалыбай бар.

Алдын ала тексеру және тергеу қорытындысы бойынша Қорғаныс министрінің шешімімен полковник Мұрат Нұғыманов қызметінен шеттетіліп, «Батыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы қызметінен босатылды.

Сонымен қатар, «Батыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының бірінші орынбасары – штаб бастығы Ризат Қолпашевті, «Батыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының жауынгерлік даярлық бойынша орынбасары, полковник Мерген Қапашевті, теңіз жаяу әскері бригадасының командирі, подполковник Ерболат Толықбаевты қызметінен босату туралы шешім қабылданды. Олардың бұдан арғы жауапкершілігін әскери прокуратураның тергеу шараларының нәтижесі бойынша сот органдары анықтайтын болады.

 

Дереккөз: NUR.KZ

 

Загрузка...

Комментирование закрыто.