АҚШ президенті Барак Обама Венесуэланың жеті шенеунігіне “коррупцияға және адам құқықтарының бұзылуына қатысы бар” деп, санкция салды.

Ақ үйдің 9 наурыз күні хабарлауынша, Венесуэланың санкция салынған лауазымды тұлғалары арасында барлау қызметінің өкілдері мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері бар.

Венесуэла сыртқы істер министрі Дельси Родригес “Каракас (Венесуэла астанасы – ред.) санкцияға қатысты жауап шараларын қабылдайтынын” хабарлады.

Соңғы жылдары екі ел арасындағы қарым-қатынас шиеленісе түскен. Өткен аптада Каракас Вашингтоннан “екі апта ішінде Венесуэладағы дипломатиялық миссия қызметкерлер санын 20 пайызға дейін азайтуды талап еткен”.

АҚШ Венесуэланы антиамерикалық саясаты үшін сынайды.

http://www.azattyq.org/archive/news/20150310/330/330.html?id=26890951

Рубрика: