04 февраля, 2013 Comments Off on «Әке серті» көрерменнің көңілінен шықты

«Әке серті» көрерменнің көңілінен шықты

24 қаңтардан бастап «Қазақ­стан» ұлттық арнасы «Әке серті» атты төл өнімін ұсынды. Бүгінде «Әке серті» жоғары рейтинг жинап, көпшілікті баураған төл өнімге айналды.
 «Әке серті» телехикаясы – қа­зақ-түрік мамандарының бірле­сіп жасаған алғашқы туындысы. Өмір­дің ағы мен қарасы, қызығы мен қайғысы, махаббат пен жа­уыз­дық, жақсылық пен жамандық сияқты сан түрлі қыры бейне­ле­нетін телехикаяның желісі еш­кімді де бей-жай қалдырмағаны анық. Небәрі 16 бөлімдік өнімде адам өмірінің әр кезеңінде кезде­сер түрлі жайт баяндалады. Төл өнімнің көрерменді баураған тұсы да сол болар. Телехикаяның продюсері Алмагүл Тілеуханова­ның айтуынша, түсірілім ба­ры­сында қатты қуанған, уайымдаған, қиналған сәттер болды. «Көп жұмыс атқарылды. Көп күш жұм­салды. Рас, телехикая желісі өте қиын, шытырман. Бар-жоғы он алты бөлімге жиырма жылдан ас­там уақыт арасын сыйдыру қиын болды. Тек уақытты ғана емес, сол уақыт арасында бастарынан сан қилы оқиғалар өткен жеке­леген отбасылардың әр мүшесін тыс қалдырмау үлкен күшті қа­жет етті. Қай кейіпкерді алып қара­-
сақ хикая барысында бір адам болса, хикая соңында өзге адамға айналады. Олар белгілі бір ке­дер­гілерден өтіп, не сынады, не одан ары жігерленеді» дейді Алмагүл Тілеуханова. Аз уақыт ішінде кө­рерменін баурап үлгерген телехи­каяның жоғары рейтингке ие бо­луының себебін де түсіндірді Ал­магүл ханым. «Көрермендердің ықыласын иеленуіміздің себебі біріншіден, алдын ала жүргіз­ген жұ­мыстарымыздың жемісі. Се­бебі біз аудиториямыздың жас мөлшерін ескеріп, жұмыс істедік. Оларға не ұнайды, қандай әуен тын­дайды деген сұрақтарға жауап іздедік. Телехикаяның саунтре­гіне айналған «Әке туралы жыр» әнінің таңдалып алынуының өзі де, дәл осы себептерге байланысты болып отыр. Жалпы айтқанда,біз кім үшін жұмыс істедік десек, көрермен үшін деп жауап бере ала­мыз. Сол себепті көрермен де оны түсінген болар» дейді ол. «Әке  серті»  –  түрік мамандары­ның қатысуымен түсірілген тұң­ғыш жоба. Әлемдік, қазақстандық теленарықта өзіндік жолын са­лып, көрерменнің ыстық ықыла­сына бөленген түрік телехикая­ларының авторлары һәм режис­серлерімен жұмыс істеу – ең ал­дымен тәжірибе жинақтауға мол септігін тигізері хақ. Алмагүл Ті­леуханованың айтуынша, түрік­термен бірлесе жұмыс істеудегі бас­ты мақсат – өнімді тез әрі тың­­ғылықты аяқтау. Яки теле­хи­каяны тез әрі сапалы түсіру. Сол себепті де, түрік мамандары аян­бай еңбек етті. Түрік ағайындар­дың жұмыс ырғағын жеделдеткен қазақ актерлері. Болашақта тек қана түріктермен ғана емес, өзге де шетелдік мамандармен және олардан бір мысқал кем түспейтін отандық киномайталмандарымен жұмыс істеу де жоспарланып отыр.Телехикаяда Шынар рөлін сом­дап шыққан актриса Гүлша­рат Жұбаева жобаға арнайы ша­қыр­тумен келген екен. Біз Гүлша­рат­пен аз-кем тілдесіп көрдік.– Гүлшарат, түркиялық маман­дармен жұмыс істеу қиын болған жоқ па?– Әрине, түсірілім барысында кедергілер болды. Мысалы, ре­жиссердің көздеген мақсатын тү­сіну үшін, кино саласынан ал­шақтау аудармашылардың аудар­ма­сы арқылы түсінісу керек бол­ды. Түрік халқы өте эмоционалды болып келеді екен, түсірілім ала­ңында олар өзара сөйлесу бары­сында арсын-гүрсін жүретін бол­са, біз қазақтар өте ақырын сөй­лейді екенбіз, өте байыпты болып көрінеді екенбіз. Мәселен, түрік­тердің телехикаяларында сөз өте көп болады, ал өзіміздің хикая­лар­да сөз аз, пауза көп. Енді тү­рік-қазақ бірігіп шығарған «Әке серті» осы екі шекараның орта­сында тұрғандай көрінеді.– Жалпы, түрік ағайындары­мыздан нені үйреніп, неден жи­ренуіміз керек екен?– Меніңше, шеберлік тұрғы­сы­нан алсақ, қазақ, түрік деп бөлінудің қажеті жоқ секілді. Себебі біздің де кереметтей ре­жиссер, сценарист, тағы басқа шы­ғармашылықтың адамдары бар екендігі белгілі. Егер экран­дағы менталитет, әдет, ғұ­рыпты сөз ететін болсақ, әрине, біз жо­ғарыда айтқандай, байып­тымыз. Біз үшін «Алла» деген сөз­дің өзі өзінше бір сабыр шақыратын сөз болса, оларда қуан­са да, қын­жыл­са да, шошыса да тіркеле беретін сөз тіркесі іспетті. Үлкен кісі­лер­дің екеуара сөйлесіп отырып, «Осылардың аузында Алла, ал адамды өлті­реді» деп түрік теле­хикаясын әңгімеленуінің жауабы осы болар. Олар дінде болсын, ғылымда болсын бізден көш іл­гері, сол себепті үйренетін жеріміз бар. Бірақ осы қалпымыздағы адам­шылықтан арылмауымыз ке­рек.– Өзіңіз сомдап шыққан кейіп­керіңіз жайында айтып беріңізші?– Мен бас кейіпкер Досым­бектің үлкен қызы Шынарды сомдаймын. Ол телехикая желісі бойынша, көп қиындық көретін жан. Тіпті телехикаяның соңында ғана бақытты өмірге кенелді деп айтсам болады.– Жалпы, телехикая, өзіңіздің образыңыз көңіліңізден шықты ма? Әлде, «әттеген-ай» дейтұғын тұстар бар ма?– Жалпылама түрде айтар бол­сам, телехикая ойымнан шықты, әрине, «әттеген-айлар» болды ғой. Менің ойымша, болдым, тол­дым деген адам – таусылған адам. Әлі алар белестерім алда деп ойлай­мын.ДайындағанӘйгерім БАҚЫТҚЫЗЫАйкын газетiнен алынды
Загрузка...

Комментирование закрыто.