17 января, 2014 Comments Off on АҚ ОЛИМПИАДАҒА ӘЗІРЛІК ҚАЛАЙ?

АҚ ОЛИМПИАДАҒА ӘЗІРЛІК ҚАЛАЙ?

Биылғы жылдың басты бәсекесі, Ресейдің Сочи қаласында, ақпанның 7-23і аралығында өтетін ақ олимпиадаға Қазақстан ұлттық құрамасы да бес қаруын асынып, тас-түйін дайын отыр деуге болады. Қазіргі қолда бар жолдамаларды санамалап, кімдерден үміт күтіп, кімдердің жолына қараймыз? Сол жайында аз кем тоқталып өтсек.Қазақстан спорт және дене шынықтыру агенттігі олимпиада бағдарламасына енген 15 спорт түрінің 11-інен 40 жолдама алуды жоспарлаған. Кәзірге дейін басшылық болжаған жолдаманың саны 40-тан асқаны мәлім. Олимпиадаға жолдама үлестіру әлі аяқтамағанын ескерсек, бұл сан оданда толыға түсері анық.Бұл жөнінде Қазақстан спорт және дене шынықтыру агенттігі төрағасының орынбасары Қанағат Елсияров мырза Apta.kz тілшісіне берген сұхбатында мәлімдеді: жолдама беретін жарыстар әлі жалғасуда, жолдаманың тағдыры 19-қаңтар күні белгілі болмақ. Осы жолғы олимпиадада басшылық қойған меже 2 жүлде екенін жасырмады. Өз кезегінде орынбасар мырза шаңғымен сырғанаудан Алексей Палтаранин мен Николай Чебетконың, мәнерлеп сырғанаудан Денис Теннің, конкиймен сырғанаудан Денис Кузминге үміт артатынымызды атап өтті.Жақында «Infostrad» сараптама орталығы таратқан сараптамалық рейтингінің болжамы бойынша Сочи олимпиадасында Қазақстанға 1 алтын 1 күміс медальмен 21-ші орынға табан тірейді делінген.Естеріңізде болса 2010-жылғы Ванкуерде өткен қысқы олимпиадада Қазақстан атынан 39 спортшы қатысып, биатлоншы Елена Хрусталева ғана күміс медаль алған болатын.Серікбол Насырhttp://www.turkystan.kz/
Загрузка...

Комментирование закрыто.