img_1138_4369_322x232Қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов ғарышқа алғашқы сапарында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери әуе күштерінің туын өзімен бірге әкетеді.Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Ту оның қазақстандық ар­миядағы ұшу мансабының бастамасы және арманы – ғарышқа ұшуға қол жеткізгенін айқындайтын белгі» деп жа­зылған ведомствоның ресми сайтында. Ғарышкерге ту тапсырылды.
Айта кетейік, Айдын Айым­бетов 1993 жылы «ұшқыш-ин­женер» мамандығын алғаннан кейін ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштеріне қарасты 21751 әс­кери бөлімінде қызмет атқарып, МиГ-23 және Л-39 ұшуларды орындады. 2002 жылы ұшқыш қазақ­стан­дық ғарышкерлердің жаса­ғына енгізуге ұсынылған бо­латын. Ол ғарышкерлікке үміт­кер­лер тобының құрамында даярлыққа кірісті. Үш жылдан соң «ғарышкер-сынаушы» бі­ліктілігін алды. 2014 жылы оған «ҚР ӘӘК полковнигі» әскери атағы берілді.
Айдын Айымбетовтың «Союз ТМА-18 М» кемесінде ға­рышқа ұшуы қыркүйектің ба­сына жоспарланып отыр. Қа­зақстандық ғарышкер Сергей Волков (Ресей ғарышы) және астронавт Андреас Моген­сенмен (Еуропа ғарыш агент­тігі) бірге Халықаралық ғарыш станциясына жіберіледі.
Өз тілшімізден

http://www.aikyn.kz/

Рубрика: