1. Майкл Джордан

Мектеп командасының қатарынан шығып қалған соң, үйге келді. Бөлме есігін жапты да, жылап жіберді.

* * * *

2. The Beatles

“Decca Recording” студиясы бірге жұмыс істеуден бас тартқан. Олардың айтқан сөзі: “Бізге олардың дауыстары ұнамайды. Олардың шоу-бизнесте болашағы жоқ”.

* * * *

3. Eminem

Мектепті тастап, есірткі мен жоқшылықпен алысып өткен бұл адам ақыр аяғы өзін-өзі өлтіру әрекетіне дейін барған.

* * * *

4. Стив Джобс

Өзі құрған компаниядан еш елеп-ескерусіз қуылған күннен бастап, 30 жылға созылған құлазу мен депрессия.

* * * *

5. Уолт Дисней

“Фантазияның аздығы” мен “сапалы ойлардың жоқ болғаны” үшін газет баспасынан жұмыстан шығарылған.

* * * *

6. Опра Уинфри

“Телеарнаға сай келмегендіктен”, жаңалық жүргізушісі қызметінен алынып тасталған.

* * * *

7. Альберт Эйнштейн

Төрт жасына дейін тілі шықпаған. Ал мектеп мұғалімдері “ерекше көзге түспейтінін” жиі айта бетіне баса берген.

Егер сіз өміріңізде бірде-бір рет сәтсіздікке ұшырамаған болсаңыз, онда өміріңізде бірде-бір жаңа нәрсеге қол жеткізбеген екенсіз.

* * * *

сурет:celebspe.com.br 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

http://massaget.kz

 

Рубрика: