24 августа, 2015 Comments Off on «Әйел бақыты» ток-шоуында Аша Матай мен «Mysterions» тобының солисті Арман Қоңырбаев алда болатын «қыз ұзату» мен үйлену той жайында сыр шертпек

«Әйел бақыты» ток-шоуында Аша Матай мен «Mysterions» тобының солисті Арман Қоңырбаев алда болатын «қыз ұзату» мен үйлену той жайында сыр шертпек

photo_18213Қазақстандағы әйелдердің ең танымал ток-шоуының жаңа маусымы бүгін, 24 тамызда басталады. Үшінші маусым қарсаңында Ләйлә Сұлтанқызы көрермендер үшін ең сезімталды және шынайы өмір оқиғаларын әзірлеп қойды.

Әлемуметтік маңызы зор тақырыптар талқыға салынатын Қазақстанның басты "Әйел бақыты" ток-шоуының жаңа маусымдағы алғашқы саны бүгін 15.00-де «Қазақстан» телеарнасында эфирге шығады.

Оның алғашқы қонақтары - әнші әрі актриса Аша Матай мен «Mysterions» тобының солисті Арман Қоңырбаев.

IMG_4472Жылдың басында  Аша Матайға Арман Қоңырбаев тұрмысқа шығуға ұсыныс жасағаны туралы хабарланған еді, ал екеуінің арасындағы қарым-қатынас өткен жылдың басынан бері ел назарына іліккен болатын. Алайда жұлдызды жұп бұл туралы жария етуге асықпай жүрді. Екеуі сол уақытта «Жүрек сыңарым» атты әнін жазып, бірге орындап жүрді. Қазіргі таңдағы олардың арасындағы қарым-қатынас, алда болатын қыз ұзату мен көптен кұткен үйлену тойы жайында анық-қанығын бүгінгі эксклюзивті хабардан біле аласыздар.   

«Әйел бақыты» - аруларымыздың жан дүниесімен бөлісіп, басына түскен қиындығын ашық айтуға мүмкіндік беретін айрықша жоба. Бағдарламаға қазіргі күннің алғыр бойжеткенінен бастап, ауылдағы қарапайым қазақ келіндері мен қаладағы іскер әйелдердің бастарынан өткен шынайы оқиғалар арқау болды.

Дүйсенбі мен жұма аралығында «Қазақстан» ұлттық арнасында 15.00-де тікелей эфирде қыз-келіншектердің сырт келбетімен қоса жан-дүниесіне арналған бірегей бағдарламаны жіберіп алмаңыздар.

 

 

 

«Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы «Қазақстан» Ұлттық телеарнасын, «Балапан»және «КAZsport» арналарын, Қазақ радиосын, «Шалқар», «Астана», «Classic» радиолары мен аймақтық телерадиокомпанияларды біріктіреді. Корпорацияның ресми сайты www.kaztrk.kz. Корпорацияның әлеуметтік желілердегі парақшалары: facebook.com/Kaztrk.kz, twitter.com/kaztrk_kz, youtube.com/user/NTKKazakhstan 

Загрузка...

Комментирование закрыто.