25 сентября, 2013 Comments Off on Айдын ОЛЖАЕВ. Үнемдеу мен табиғатты аялау

Айдын ОЛЖАЕВ. Үнемдеу мен табиғатты аялау

МоЕлімізде соңғы жылдары «жасыл» экономика деген тіркес жиі айтылуда. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ бұл түсінікке асқан басымдық беріп, оны еліміздің ендігі дамуының ең негізгі бағыты деп бағалауда. Әрине, экономиканың «қызылы», «сарысы» мен «жасылы» болмайды. «Жасыл» деген мағына табиғи ресурстарды асқан тиімділікпен пайдаланып, тұтынушыдан қалған өнімді өндіріске қайта жарату. Оның негізгі мәні мұнай мен газ, пайдалы қазбалар сияқты сияқты жер бетінде күн санап сарқылып келе жатқан ресурстарды үнемді тұтыну, пайдаға барынша жарата отырып пайдалану.Мамандардың айтуынша, тек осы «жасыл» экономиканы дамыту арқылы ғана біздің еліміз экологиялық дағдарыстан қашып құтыла алады. Өйткені табиғи байлықтарын тиімсіз, аяусыз пайдаланған көптеген бұрынғы индустриялық мемлекеттердің қазір экологиялық дағдарыстың орны толмас салдарларымен бетпе-бет келіп отырғаны шындық. «Жасыл» экономика Алматыдан басталадыЕсимовЕліміздегі ең ірі қала – Алматы үшін де «жасыл» экономиканың мәні, маңызы мен берері шексіз. Қала әкімі Ахметжан ЕСІМОВтің айтуынша, республика бойынша «жасыл» экономикаға көшу жағынан Алматы қаласы нағыз көшбасшы болуы тиіс. «Біз қазірден-ақ қаладағы кез-келген жаңа құрылыстар мен басқа да тың шешімдерді қарастырмас бұрын ең алдымен оның экологиялық тазалығы, қоршаған ортаның ахуалын жақсартуға қосар үлесіне қараймыз. Алматы сияқты ірі қала үшін «жасыл» экономикаға көшу ауадай қажет екені айтпаса да түсінікті. Соңғы жылдары шаһарда қоршаған ортаны қорғауға бағытталған бірқатар маңызды шаралар жүзеге асырылды, оның ішінде жекеменшік үйлер шоғырланған көптеген аудандарға газ құбырын тарту жұмыстары жоспар бойынша биыл аяқталады. Ұзақ жылдар бойы экологияны ластайтын отын түрлерін пайдаланып келген жылу-электр стансалары жаппай газға көшірілді, оның тиімді болғаны былтырғы жылыту маусымында байқалды. Газ бен электр қуатын пайдаланатын қоғамдық көліктердің үлесі де жаппай өсіп келеді. Жоспар бойынша, осы 2013 жылдың соңына дейін Алматы қаласындағы барлық қоғамдық көліктердің 50 пайызы газдың күшімен ғана жүретін болады», – деген еді қала әкімі. Жуырда ғана Қазақстанның «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі тұжырымын жүзеге асыру мәселелері бойынша ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан ҚАППАРОВтың қатысуымен өткен кеңес барысында Алматының әкімі министрдің қарауына «оңтүстік астананың» экологиялық ахуалын ары қарай жақсартуға бағытталған бірнеше ұсынысын енгізді. Қала басшысы сырттан жеткізілетін экологиялық таза автокөліктерді жартылай немесе толықтай салықтан босату, көліктерге газ құятын стансалар құрылысы кезінде бәсекелестік орта қалыптастырып, жұмыс істеп тұрған жанармай стансаларын газ құятын құрылғылармен қосымша жабдықтауға бағытталған тетіктерді қарастыру қажеттігін ұсынған болатын.ЕсимАл қоршаған ортаны қорғау министрі өз кезегінде Алматыдағы «Көк-Жайлау» тау-шаңғы курортының құрылысын да елдің «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі тұжырымындағы маңызы жоғары жобалардың бірі деп атап өтті. «Егер дұрыс жобаланып, дұрыс жасалса, мұндай жобалар экожүйені жақсартып, ел экономикасына өзінің пайдасын әкеледі. Бұл шынында да «жасыл» экономиканың элементі болып табылады. Меніңше, Алматыда жүзеге асырылатын бұл жобаның шын мәнінде қандай жоба екенін жұртшылықтың барлығы біле бермейді, сол себепті бұл жерде түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. Ал өз басым бұл жоба аса сапалы, барлық әлемдік стандарттарға сай етіп жасалып, бар талаптарға сай жүзеге асырылып жатыр деп ойлаймын. Мұндай жоба Алматы қаласының маңайындағы экожүйеге өз пайдасын тигізеді, ол жерде сапалы инфрақұрылым болады. Қысқасы бұл жаңа индустрияны дамытуға жақсы мүмкіндіктер береді», – деді ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі. Жөн сілтейтін жеті бағытЕл Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жасалып, күні кеше Үкіметте бекітілген «Жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасы негізгі жеті бағыттан тұрады.Бірінші бағыт – жаңартылатын энергия көздерін енгізу. Болашақта пайдалы қазбаларды ары қарай сақтау мәселесі зор маңызға ие болады. Біздің мемлекет – табиғи байлықтарға бай ел ретінде әлемге танылған. Мұнай мен газ – әлем бойынша ең ірі энергетикалық ресурстардың бірі саналады, бірақ уақыты келгенде олар да сарқылады. Демек, болашақ үшін жаңа ресурстар табу қажет. Бұл ретте Қазақстаннның жақсы экожүйеге, жер қыртысына және орманға ие болуы айғағы басқа елдер алдындағы өзінің ұстанымын айтарлықтай арттырады.Екінші бағыт – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығындағы қуат көздерін тиімді пайдалану. Қалалардағы тұрғын үй қорының маңызды бөлігі кеңестік дәуірден кейінгі уақытта салынғандықтан, тұрғын үй кешендерінің көпшілігі тиімсіз болатын жылу жүйелерімен жабдықталған. Бұл өз кезегінде үлкен шығындарға алып келеді.Үшінші бағыт – ауыл шаруашылығындағы органикалық егін шаруашылығы. Бірінші кезекте біз түрлі азық қоспаларынан, синтетикалық тыңайтқыш өнімдерінен (пестицидтерден) бас тартуымыз керек. Дақылды өсімдіктердің шығымдылығын, өсуін қамтамасыз ету үшін органикалық тыңайтқыштарды пайдалану жайы сөз болып отыр. Ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыру мен халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету табиғи қорларға зиян келтірмей жасалуы тиіс.Төртінші бағыт – қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру. Қалдықтарды басқару мәселесі болашақта маңызды мәселеге айналады. Лас көшелер, үйінділер және тазалыққа қатысты бақылаудың жоқтығы жиі кездесуде. Қалыптасқан жағдайға байланысты қалдықтарды қайта өңдеу технологияларын қолға алу қажет. Қазір қатты тұрмыстық қалдықтарды кешенді түрде қайта өңдеу және одан баламалы қуат алу технологиясы Алматы қаласында жүзеге асырылуда.Бесінші бағыт – су қорларын басқару жүйелерін жетілдіру. Су – әлі де адамзаттың өмір сүруін және экожүйелердің тұтастығын қамтамасыз ететін шешуші табиғи ресурс болып қала береді. Осыған байланысты су қорларын тиімді пайдалану орасан маңызға ие болатын мәселе болып қала береді.Алтыншы бағыт – «таза» көлікті дамыту. Қазақстандағы тасымалдардың көпшілігі дизель немесе бензиннің күшімен жүргізіледі. Бұл бірінші кезекте парник газдарының көптеп шоғырлануына себеп болуда.Жетінші бағыт – экожүйелерді сақтау және тиімді басқару. Бұл бағыттағы жұмыстар негізінен еліміздің бірегей табиғи байлықтарын сақтауға бағытталған.

Еси

 Үнем болмаса, болашақ жоқИя, кейбір соңғы мәліметтерге сенсек, әлемдегі мұнайдың қоры өндірістің қазіргі қарқындары сақталған жағдайда енді кем дегенде бар-жоғы 40 жылға ғана жетеді екен. Тағы 150 жылдан кейін көмір таусылады дейді. Кезінде ұлы химик Менделеевтің өзі «мұнай мен мұнай өнімдерін пешке тығу – ақшаны өртегенмен бірдей» депті. Отандық ғалым, химия ғылымдарының докторы, профессор Әбдуәли БӘЙЕШЕВ қазірден бастап баламалы қуат көздерін пайдалануға шақырады.Ғалымның айтуынша, қазіргі заманда алдымыздан шығып отырған басты мәселенің бірі де осы энергетика мәселесі. Қысқасы, «энергетика мәселесін шешпей, адамзаттың болашағы жоқ» дейді ол. – Мұнай мен көмірді жаққаннан олар жанып, энергияға айналып кетіп жатқан жоқ. Көміртегінің бәрі CO2 газына – парник газына айналып, қоршаған ортаны бұзып жатыр. Қазір біз жылына миллиардтаған тонна мұнай жағып жатырмыз, жағылатын көмірдің көлемі, тіпті одан да көп, ал парник әсері жердегі температураны жоғарылатып жатыр. Атмосферада CO2 газы көбейген кезде, күннің сәулесі жерге өтіп, одан қайта алмай қалады. Сол себептен ыстық температура жер бетінде қалып қояды. Бұрын шағылысып, қайтып кететін. Осылайша тепе-теңдік, цикл бұзылып келеді. Ал күннің миллиардтаған энергиясы тегіннен-тегін жатыр. Оны электр тоғына айналдырсақ, көп проблеманы шешеміз. Мысалы, мына Түркияның өзінде әрбір үй, тіпті қонақүйлерге дейін күннің энергиясынан жылы су алады. Бізде ондай бір үй жоқ. Көмір, солярка жағамыз. Оны, әрине, жердің астынан алып жатырмыз. Психология солай қисайып кеткен. Түркиядағы бір санаторийде 1000 адам жатса да оларды жылы сумен қамтамасыз ету үшін бір грамм солярка, көмір жағылмайды. Ал біз күннің энергиясын жылуға ғана емес, тоққа да айналдыруымыз керек, – дейді Баешов. Ғалым келтірген тағы бір дерек, қазір бүкіл Германияның пайдаланып отырған энергиясының 10 пайызы күннен алынады екен. Әрине, оларға түсетін күннің сәулесі бізден артық емес. Айдын ОЛЖАЕВ 
Загрузка...

Комментирование закрыто.