28 апреля, 2015 Comments Off on “Адем” саудагерлері наразылық танытып жатыр

“Адем” саудагерлері наразылық танытып жатыр

7920481Адем» сауда орталығының өртеніп кеткен павильонының саудагерлері бүгін сауда орталығы алдында наразылық танытып, жолды жапты деп хабарлайды Азаттық тілшісі.«Тауарларымыз өртеніп кетті» деген 200 қаралы адам «Адемнің» алдындағы Солтүстік айналма жолын жарты сағаттай уақыт жауып тұрды. Бұдан соң оқиға орнына арнайы жасақ сарбаздары келіп, наразыларды шетке ығыстырып, жолды қайта ашты. Қазір сарбаздар жолдың екі шетіне тұрып, наразылардың жолды жабуына жол бермей тұр. Жолды жауып тұрғанында наразылар «Назарбаев, позор, позор!», «Үкімет, позор!» деп айқайлады.Саудагерлер «Өрттен кейін бізді ешкім керек қылмады. Кеше Жетісу ауданы әкімі келіп бір ауыз басу сөз айтып кеткен. Содан бері ешкім келмеді. Шығынымыз төленетінін, я төленбейтінін ешкім айтпады.Біз «Барахолкада» отырған саудагерлер емеспіз, барлығымыздың арнайы отыратын сауда орнымыз бар үлкен кәсіпкерміз. Сондықтан бізді «Барахолка» сияқты қалдыра алмайды» дейді сайдагерлер.Сәуірдің 26-сында сағат 21 шамасында "Адем" сауда орталығы павильондарының бірінен өрт шығып, ол 27 сәуір күні түске таман бір-ақ өшірілген. Өрт аумағы 25 мың шаршы метрден асып, кешеннің бір павильоны түгелдей өртенді. Өрт екінші павильонды да шарпыды. Өрт себептері анықталып жатыр.http://www.azattyq.org/

Комментирование закрыто.