09 июля, 2013 Comments Off on 25-30 МЫҢ ОТБАСЫ ПӘТЕР АЛМАҚШЫ

25-30 МЫҢ ОТБАСЫ ПӘТЕР АЛМАҚШЫ

ДЖШымкентте 63 отбасы жаңа пәтерге кіріп, қоныс тойын тойлады. Бұл  «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы аясында салынған жалдамалы пәтерлер. Жаңа пәтер алып, мәре-сәре болып қалғандардың арасында 7 Ұлы Отан соғысы мен Ауған соғысы  ардагерлерінің, 32 әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілгендердің, 23 бюджет саласы қызметкерлерінің отбасылары бар. Ал бір тұрғынның баспасы тиісті орындар тарапынан жарамсыз деп табылған екен. Оған да жалдамалы баспана тиіпті.Қазір жалдамалы тұрғын үй кезегінде 8658 азамат тіркеуде тұр екен. Жыл басынан бері  105 отбасына тұрғын үй беріліпті. Солардың бірі, 10 баланың әкесі Түймебай Сәденбеков:-Бүгінгі қуанышымда шек жоқ. Көптен бері күтіп жүр едік. Бейнетіміздің зейнетін көретін шақта  «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасы бойынша салынған  тұрғын үйден пәтер алдық. Баспаналы болдық,-деді ағынан жарылып.Пәтер кілттерін  тұрғындарға облыс әкімінің бірінші орынбасары Берік Оспанов, Шымкент қаласының әкімі Дархан Сатыбалды салтанатты жағдайда тапсырды.Үйдің сапасына тұрғындар сын айтып жатқан жоқ. Құрылысты жүргізген «Шымкентстрой» ЖШС-не алғысын   жаудырушылар да жеткілікті.

ДЖ

     Оңтүстік Қазақстан облысында «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасы бойынша  атқарылып жатқан жұмыстар жап-жақсы.  Облыстық әкімдіктің бастамасымен 2020 жылға дейін атқарылатын жұмыстардың нақты жоспары жасалып,  бекітілген.   Мұнан тыс,  тұрғын үйге мұқтаж 14 мыңға жуық отбасының басым бөлігін  баспанамен қамтамасыз ету  мақсатында 2013 жыл облыста «Тұрғын үй жылы» деп  жарияланған болатын. Республикалық бюджеттен тұрғын үй құрылысына 2 млрд. теңге, ал жергілікті бюджеттен  қосымша 10 млрд. теңге бөлінді.   Қазір қым-қиғаш құрылыс жүріп жатыр. Биылдың өзінде 80 тұрғын үйдің құрылысы қарқын алды. Бұл 226 мың шаршы метр тұрғын үй деген сөз.   Бұдан бөлек  құрылысы өткен жылдары басталған  28 үйдің құрылысы бар. Ол үйлердегі  тұрғын үйлердегі пәтерлердің жалпы алаңы 105 мың шаршы метр.-Алдағы екі жылдың ішінде облыс бойынша тұрғын үйге мұқтаж отбасылардың жартысына жуығы баспаналы болады деген жоспарымыз бар.  25-30 мың адам  жаңа, жайлы пәтерлерге кіреді. Биылғы жылдың соңына дейін бюджет есебінен 100 мың шаршы метрді  құрайтын  45 тұрғын үйді пайдалануға тапсыру көзделіп отыр. Бұдан бөлек  жеке меншік  есебінен 300 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілмекші,-дейді облыс әкімінің бірінші орынбасары Берік Оспанов пен Шымкент қаласының әкімі Дархан Сатыбалды.  «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы бойынша атқарылатын жұмыстар   бағыттарға бөлініп, нақтыланған. Мысалы, қазір жалдамалы тұрғын үйлердің құрылыстары қарқынды салынып жатыр.   Пайдалану алаңы 14,5 мың шаршы метрді  құрайтын  25 тұрғын үй құрылысы жүргізілуде. Олардың 24-і биыл аяқталады деп жоспарланған. Бақылау қатаң. Ал бір үйдің құрылысы   2014 жылы бітпекші.Шымкент қаласында тұратын жас отбасылардың жалға берілетін тұрғын үй кезегінде тұрғандарының біразы қуана беруіне болады. Осы  бағыт бойынша  пайдалану алаңы  26 мың шаршы метрді  құрайтын  7 тұрғын үй салынып жатыр. Олардың 2-уі биыл пайдалануға берілмекші. Ал 5 үйдің құрылысы  алдағы 2014 жылы аяқталады.Тұрғын үй құрылысы жинақ банкі жүйесі арқылы 44,7 мың шаршы метрді құрайтын 9 үйдің құрылысы жүргізілуде. Солардың ішінен жалпы пайдалану алаңы  15 мың шаршы метрді құрайтын 4 үйдің құрылысы биыл аяқталады деп жоспарланған.  Ал қалған 5 үй  келесі жылы пайдалауға беріледі.            Қазақстан ипотекалық компаниясы арқылы биыл 56,1 мың шаршы метрді құрайтын 15  тұрғын үйдің құрылысына қажетті жер мәселесі толық шешілді. Барлық қажетті құжаттарға қол қойылды.  Құрылыс осы жаз айларында басталмақшы. Олар алдағы 2014 жылы  пайдалануға беріледі деп жоспарланған.«Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасында тұрғын үй комбинаттарын салу көзделген болатын. Комбинат республикада бірінші болып Оңтүстік Қазақстан облысында іске қосылды.  Ол  бір жылда   150 мың шаршы метр тұрғын үй сала алады. Оларға қазірше тұрғын үй салуға 1,5 гектар жер телімі беріліпті. 9 қабатты  4 тұрғын үйдің  құрылысын бастауға облыстық бюджет есебінен 400 млн. теңге қаржы бөлу туралы шешім қабылданыпты.  Құрылыс жұмыстары биыл жаз айларында басталады деп жоспарланған.Шымкентке келсеңіз, Шымқаланы көрсеңіз, қайран қалмауыңыз мүмкін емес! Облыс орталығынан Алматыға шыға берісінен сәл төмендеу аймағында соңғы 4-5 жылда «Нұрсәт» деп аталатын шағын қала салынды. Біз жоғарыда айтқан үйлеріміздің барлығы дерлік сол ауданда бой көтеріп жатыр.Мақаламыздың басында айтқан пайдалануға берілген жалдамалы үй де сол «Нұрсәтте».  Үйдің нөмері 217 екен. Мөлтек ауданда осынша үй бар деген сөз. Облыстың жаңа әкімшілік орталығы сол «Нұрсәтке» жақын маңда салынып жатыр. Ол Арғынбеков және Астана даңғылдарының ортасында орналасқан. Жаңа алаңды айналдыра облыстық әкімдік пен оның барлық басқармалары, облыстық мешіт, драма театры, облыстық кітапхана, осы заманғы үлгіде салынған оқу орны, тағы басқалар орналасады. Жаңа алаңның жанында үлкен саябақ болатын шығар...Оңтүстік Қазақстан облысы, көк майсаға оранып, көздің жауын алып тұратын  Шымкент шахары осындай. Онда «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар бұрынғы даму қарқынына жаңа серпін берді.Қуандық ОРАЗБЕКҰЛЫ,Оңтүстік Қазақстан облысы.

 

 

 

Загрузка...

Комментирование закрыто.