Алматы қаласы 22 наурыз мейрамын қарсы алуға қызу дайындық үстінде. Мән-жайды бақылау үшін қолға фотоаппарат алып қала аралауға шықтық. Көшелер мен ғимараттар безендірілген әртүрлі гүлдер мен ою-өрнектер көздің жауын алады. Осындай кереметті тамашалау үшін біздің арнайы фоторепортажымызға үңіліңіз!

22 наурыз – Күн мен Түннің теңелетін күні…

Мерекелік жиынның сахнасы да аздан кейін дайын болады…

Кейбір киіз үйлер барынша сұлуланып, қонақтар үшін сақадай-сай тұр.

Ал енді бірі әлі де құрылу үстінде…

Шіркін, қазақтың киіз үйіне жететін не бар?!

Ал мына бір тұлпар “биылғы жылдың иесі менмін” деп тұрғандай…

Бір сәт ойлаңызшы, 22 наурыз дегенде, есіңізге не түседі?

Алматының ағаштары гүлдемесе де, мынадай әдемі суреттер жанды жылытады.

Француз үйі әдетінше әдемі безендірілген.

Жаңа жыл бақыт, береке, байлық әкелсін! 

Арнайы Мassaget.kz үшін: Айгерім Сматуллаева

http://massaget.kz/22-nauruz/17707

 

Рубрика: