АЛТЫНОРДА
Новости

2014-тің үздік блогшысына миллион теңге

Астана. 10 қаңтар. Baq.kz — 2014 жылы қазақ блогшыларын қызық жаңалық күтіп тұр. Елімізде алғаш рет блогшылар байқауы өтпекші.

Ұлттық Интернет Ассоциациясы және Қазақ Софтверлік Компаниялар Ассоциациясының (Kazakh Software Companies Assosiation) бастамасымен “Сапалы контентке Миллион” атты жарыс ұйымдастырылмақшы деп хабарлайды munara.kz 

Блогшылар жарысы ақпан айында басталып, желтоқсан айында аяқталады. Наурызда өтетін Блог-Құрылтайға дейін жарыстың іріктеу кезеңі өтіп, Құрылтай кезінде жарыстың негізгі бөлігіне қатысатын 32 блогшы анықталады. Әр апта бір тур өтетін жарыста ұйымдастырушылар тарапынан аптаның тақырыбы беріліп, қатысушылар өз блогтарында осы тақырыптарда жазбалар жазады. Әділ қазылар құрамы әр апта жазбаларға баға беріп, үздіктерді анықтап отырады. Жыл бойы өтетін байқаудың ақтық кезеңіне 4 финалист қалып, жыл үздігін анықтайды. Жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен марапатталып, 1-ші орын алған блогер кәсіпкер Азаматхан Әміртайдың қолынан 1 миллион теңге жүлде алады. Әр айдың үздік 10 блогшысы да ай сайын қаржылай марапатталатын болады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша мұндай жоба қазақ блогосферасының дамуына, сапалы контенттің көбеюіне септігін тигізеді және белсенді блогерлерді ынталандыру үшін керекті шара

http://baq.kz/kk/news/41918