АЛТЫНОРДА
Новости

18 АДАМ ҚАЗА БОЛЫП, 20 ЖУРНАЛИСТ ЗАРДАП ШЕКТІ

«Киевте 18 ақпанда қайта күшейген тәртіпсіздіктер нәтижесінде 18 адам қаза болып, 20 журналист зардап шекті», — деп хабарлады rbc.ruпорталы. 

«Киевте 18 ақпанда қайта күшейген тәртіпсіздіктер нәтижесінде 18 адам қаза болып, 20 журналист зардап шекті. Оппозиционерлердің милициямен қақтығысы кезінде наразы топ «Россия-1» телеарнасының оқиғаны түсіруші тобына шабуыл жасады. Оператордың мұрны сынып, камера бұзылды», — делінген сәрсенбі күнгі жарияланымда.
Украина ІІМ мен денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтерінше, Киевте 18 ақпанда тәртіпсіздіктер нәтижесінде 18 адам қаза болды, оның ішінде 7 адам — милиционерлер. ІІМ хабарлауынша, медициналық көмекке 298 жауынгер мен милиционер жүгініпті. Митингілеушілер жағынан 290 адам зардап шекті.
Украина ІІМ Киевте мемавтоинспекцияның екі қызметкерінің қаза болғанын мәлім етті. «Тағы бір мемавтоинспектор қарулы шабуыл нәтижесінде қаза болды. Қазір милиция шабуыл жағдайын қазбалап жатыр», — делінген хабарда. Шабуыл астананың Святошинский ауданында орын алды. Алдын-ала мәліметтер бойынша МАЙ наряды құқық бұзушылардың көлігін қуғанда ол көліктен оқ атылған. Екі МАЙ инспекторы оқиға орнында қаза болып, үшіншісі ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
Қазір Украина құқық қорғау орган қызметкерлері Тәуелсіздік алаңындағы 20 мыңдай тәртіпсіздік ұйымдастырушыларды ығыстыруда. Еуромайдан көшбасшылары жиналғандарды ұйымшылдықпен милицияға қарсылық танытуға шақыруда.
Тернопольда шеруілдеушілер Украина ІІМ облыстық басқарма ғимаратына шабуылдауда, деп хабарлады Украина милициясы. Одан басқа, митингілеушілер қалалық милиция басқармасының ғимаратына жанатын бөтелкелер лақтыруының нәтижесінде онда өрт шықты. Бұрын Тернопольде 300-дей оппозицияонер облыстық әкімшілік ғимаратын басып алғаны хабарланған.
(ҚазТАГ )

Дуанабай Жолдасбек

http://www.aikyn.kz/articles/view/42817