20 декабря, 2013 Comments Off on 17 ЖЕЛТОҚСАНДА ҚҰРБАНДАРҒА ТАҒЗЫМ ЕТТІҢ БЕ?

17 ЖЕЛТОҚСАНДА ҚҰРБАНДАРҒА ТАҒЗЫМ ЕТТІҢ БЕ?

Ақын Аманхан Әлім жыл сайын 17 желтоқсанда Алаңға барып, желтоқсан құрбандарына тағзым етуді дәстүрге айналдырған. Жиырма жылдан астам уақыт бойы бұл ақынға әдетке айналған. Аманхан аға: «Жалпы Еуропада, яғни мәдениеті мен өркениеті ілгері кеткен елде ұлтының тағдырына қатысты кез келген көтеріліс не оқиға, жағдай болған жерлердегі ескерткіштерге ешқандай да ресми шақырусыз өздері барып тұрады. Бұл өзін-өзі сыйлаған ұлтқа тән қасиеттер. Ал бізде ресми шақырулар немесе ұйымдастырулар арқылы ғана барады. Жеке азаматтық парыз, қарыз деп түсінбейді. Соған қашан қол жеткізеді екенбіз?» дейді.Шын мәнінде, 17 желтоқсанда алаңға барып, тағзым ету – кез келгеннің қолынан келе бермейтін сауапты іс. Жаңа алаңға барып, тағзым еткенін жария қылып, баспасөз беттерінде, телеарналардан жылтылдатып көрсеткенді қалайтын кейбіреулер үшін ақынның бұл үрдісі сабақ болатындай. Дұғамызды бағыштап, желтоқсаншылардың әруағына тағзым етіп, құран бағыштау – дабыра қылуды, айғайлатуды қажет ете ме?  Біз неге сауапты істі айғайлатқанға, дабыра қылғанға құмармыз! Аманхан Әлімнің бұл игілікті ісін баршамыз дәстүрге айналдырсақ, қандай ғанибет болар еді?! Ал, сіз ше? 17 желтоқсанда алаңға барып, Желтоқсан құрбандарына тағзым ете алдыңыз ба?http://www.turkystan.kz
Загрузка...

Комментирование закрыто.