АЛТЫНОРДА
Новости

100 жасыңызда темекі қойсаңыз да, кеш емес

Англиялық «Пошта газеті» ғаламтор парақшасында «Қай уақытта болса да, кешікпейсіз! 102 жасқа келген Крара әжей туған күні жақындағанда темекі шегуді қойды» деген мақала жарияланды. Крара әжей өзінің нақты әрекеті арқылы әр адамның нашар тұрмыс әдетін өзгертуге болатындығын, кешіктім деп қарауға болмайтындығын түсіндіргісі келетіндігін айтты. 102 жасты еңсерген Крара әжей туған күніне бір апта қалғанда өзінің темекіқойғандығын жариялады. Жас кезінде тігінші болып жұмыс істеген ол 1931 жылдан бері темекі шегеді екен. Әр күні ең аз дегенде екі талшылым шекті деген күннің өзінде, қазірге дейін 60 мың тал темекі шеккен екен. Бірақ, ол өз отбасындағылардың әжесінің денсаулығына алаңдап жүргендігін сезіп, олардың темекіні қою туралы пікірін қабылдаған.

Оның 69 жастағы қызы Линда: «Анамның ұзақ жасауындағы сыр оның өмір бойы еселі жұмыс істеуімен байланысты болса керек. Ол адамдарға шабыт беретін әйел» дейді. 102 жастағы Крара әжей болса: «Мен өмір бойы емханаға барып немесе дәрі-дәрмек пайдаланып көрмедім, әрі оның пайдасы болады дегенге сенбеймін» дейді. Ол қазір әлі сергек. Әже 101 жасқа келген туған күнінде вальс билеп, жұртты таң қалдырған еді.

 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

http://massaget.kz