21 февраля, 2020 Comments Off on Қазақ тілін кейбіреулер қақпайды…»: орыс жігіт өзінің қазақша шығарған өлеңін оқып берді (ВИДЕО)

Қазақ тілін кейбіреулер қақпайды…»: орыс жігіт өзінің қазақша шығарған өлеңін оқып берді (ВИДЕО)

Сонымен, қазақтілді орыс ақын алдымен өзінің Ақмола облысына қарасты Жақсы ауданының Алғабас ауылында туғанын айтады.

 

Қазір әлеуметтік желілерде ақмолалық орыс жігіттің қазақ тілінде өзі шығарған екі шумақ өлеңін оқыған видеосы кеңінен тарап жатыр. Ол жазба негізінен facebook желісіне 2018 жылдың желтоқсанында жүктелген екен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Сонымен, қазақтілді орыс ақын алдымен өзінің Ақмола облысына қарасты Жақсы ауданының Алғабас ауылында туғанын айтады. Көлік ішінде отырған ол содан кейін әлгі өлеңін оқыды.

«Жаным – қазақ, Вася Бойко есімім,
Қазақ жері – туған менің бесігім.
Қазақтарға ұят білмеу өз тілін,
Егер де мен қателессем, кешірім!

Қазақ тілін кейбіреулер қақпайды,
Ондайларға бір сөз айтсам, жақпайды.
Қазақ тілін артық білем бар тілден,
Сондықтан да Құдай мені сақтайды!» –

деген азамат, көрермендерімен де қазақша: «Ал, амандықпен кездесейік! Елімізде тек қана амандық, тыныштық болсын, жігіттер!» - деп қоштасқан.

Бейнежазбаны өзінің facebook парақшасына жүктеген Baqyt Osser есімді азамат оның атауын «Вася Войко: Өз тілін білмейтін Қазақтарға ҰЯТ!» деп қойыпты. Ал оны содан бері 85 мың адам көріп, 1100 адам ұнату белгісін басып, 1934 адам өз парақшаларында бөліскен.

 

Загрузка...

Комментирование закрыто.