Қала тұрғындарының бірі ұлттық киімдегі қыздардың мүсіндеріне көңілі толмайтынын айтып, аймақтық mangystaumedia.kz сайтына фотолар жолдаған деп хабарлады turkystan.kz.

Мүсіндер облыс орталығындағы Ақбота паркінің жанында орнатылған.

«Бұл шағын сәулет нысандарын орнатпас бұрын әкімдік қабылдайды деп ойлаймын. Бірақ мұндай сүйкімсіз дүниені жауаптылардың көзі қалай көрмеген? Бұл – мазақ! Қазақ қыздарының сұлулығын мазақ ету! Өткен жылы да осы секілді қыздың мүсіні болды, біз оны ең жаман мүсін деп ойладық. Жоқ, ол суретші қазіргімен салыстырғанда Репин деңгейінде екен», – деп әзілдеді қала тұрғыны.

Осы ақпараттан кейін қалалық әкімдік аймақтық БАҚ-қа пікір білдірді.

«Былтыр ұлттық киім киген екі қыздың архитектуралық мүсіні боялған. Алайда жауын-шашын, күн мен желдің әсерінен мүсіннің өңі қашқан. Биыл сырлау жұмыстары қаланы абаттандыру жұмыстарының тізіміне енгізілген», – деді Ақтау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметіндегілер.

Рубрика: