30 марта, 2019 Comments Off on “Қазақ қыздары бұзылған ба?”: Белгілі заңгер Әбдіжаппарды жауапқа тарту керектігін айтты

“Қазақ қыздары бұзылған ба?”: Белгілі заңгер Әбдіжаппарды жауапқа тарту керектігін айтты

Отандық арналардың біріне берген сұхбатында қожа руы жайында айтқан Әбдіжаппар Әлқожаның басы дауға қалды. Белгілі заңгер Айгүл Орынбек әншіні қазаққа тіл тигізді деп айыптап, оны жауапқа тарту қажеттігін алға тартып отыр. Бұл жайында ол өз Facebook парақшасында мәлімдеген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Заңгер халық алдында аңдамай сөйлеген әншінің үстінен қылмыстық іс қозғауды ұсынды.

"Ұлттың Қауіпсіздік қызметі қайда қарап отыр? Мына әншінің үстінен қылмыстық іс қозғалсын! Қылмыстық кодекстің 174-бабына сәйкес, Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру бабымен жазалансын! Сонда Қазақтың елінде, жерінде тұрып біз оларды бұзып жатырмыз ба? Сонда Қазақтың қаны таза емес бұзылған деп айып тағып отыр ма? Сонда Қазақтың қыздары бұзылған ба? Неге осындай ел алдында жүрген жұлдызсымақтар ауыздарына байқап сөйлемейді?!",- деді ол.

Одан бөлек, Айгүл Орынбек қазақтарды басынуды доғару керектігін айтты.

Біз Араб еліне барып бұзған жоқпыз, өздері дуана сияқты қаңғып келіп, қазақтар кеңпейіл жайлы болған соң осында қалып қойды! Олай руға бөліп, бізді менсінбей қарауды тоқтатыңдар! Сосын қазақты әркім басынып бітті ғой! Шаршатты осылай жоғарыдан менсінбей қарайтындар! Ауыздарыңа байқап сөйлеңдер!

"Әрбір қазақ жалғызым"-деген Сабыр Адайдың ұлы сөзін ұмытпаңдар! Әбдіжаппар Әлқожа халық алдында кешірім сұра, әйтпесе заң алдында осы сөздерің үшін жауап бересің!", -деп жазды заңгер.

Айта кетейік, осыған дейін Әбдіжаппар Әлқожа қожалар туралы бар шындықты айтқан еді.

Загрузка...

Комментирование закрыто.