АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Қазақ екеніне де күмәнім бар»: атышулы Серікжан Біләш енді ұйғырша сайрап отыр (ВИДЕО)[:]

[:kz]

«Қош, дәрежеміз ұйғырдың жоғын жоқтауға жетсін-ақ делік. Солай екен деп тәуелсіз қазақ елінде орысша гәпіргеніміз аздай, енді ұйғырша сөйлеуіміз қалып па еді? Мұның өзі нені білдіреді?».

Журналист Қанат Әбілқайыр facebook парақшасына кейінгі кезде қазақ қоғамы арасында әсіребелсенділік танытып кеткен Серікжан Біләштің бір отырыста әлдекімге ұйғыр тілінде сұхбат беріп отырған видеосын жариялады. «Серікжан Біләшті ұйғырша сайратқан не күш?» деп таңданған ол, оған арнап көлемді пост та жазып тастады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Серікжан Біләш ағамыз хақында артық ауыз сөз айтқан емеспін! Оның ісі қазаққа пайдалы болса, оған көлденең тұру әділетсіздік болар еді. Соны ойлап, бұған дейінгі мың дауға бір рет болсын, сынық-сүйем комментарий жазбаппын.

Сол ағамыздың (сұхбатты тыңдап шыққайсыз) саяси тұрғыда тәуелсіз Қазақстанның аумағында тұрып, көрші елдегі ұйғырдың, қырғыздың, тәжіктің, т.б. жоғын жоқтауы ақылға сыймайды екен. Мысалы, қырғызстандық бір қырғыз көрші елде отырып, «Қазақстан билігі дүңгендерге, яки ұйғырларға (қырғызға не қатысы бар) қысым жасап жатыр» деп БҰҰ-ға шағым жасап жатса қайтер едік? О байқұс қырғыз түркілерді біріктіруді ойлап отыр деп ақтап алар ма едік.

Рас, Қытайдағы этникалық қазақтардың жоқтаушысы Қазақстан болуы керек. Ол сөзсіз керек іс. Осы бағыттағы «Атажұрттың» мың батпандық игі істерін көрмей қою әділетсіздік болар. Рас, аз жұмыс жасалмады. Қытайдың айуандығын айдай әлемге әшкерелеп, қазақтың кім екенін жаһанға танытты. Қазақстан жер бетіндегі бар қазақтың арқасүйер мемлекеті екенін соқырға таяқ ұстатқандай көрсетіп берді.

Сол көптің көңілінен шыққан «Атажұрт» қазақ үшін талмай еңбек етіп келіп, бағыттан кілт бұрылып кетуі күмән тудырмай ма? Қазақстан бүкіл Қытайдағы мұсылман жұртын темір шеңгелден құтқара алмайтыны айтпаса да түсінікті. Оны Секеңдер менен жақсы білсе керек.

Шамамыз келген жағдайда да қазаққа үш қайнаса сорпасы қосылмайтын өзге ұлттың жағдайына килігуге қаншалық хақымыз бар?

Отыз жыл бойы еліміздегі аз санды ұйғыр мен дүңгеннің мәселесін шеше алмай отырып, Қытайдағы ұйғыр проблемасына құлаш ұру деліқұлылық емес пе?

Ұйғыр ұлты өз жерінде отырып жәбір көруде. Оған, рас, жанымыз ашиды. Сол ұйғырдың жоғын жоқтаймыз деп, ол жақтағы қазақтардың басына қара бұлт төндіріп алмаймыз ба? Бұл – бір.

Екіншіден, Секеңе жанап кеткен адам «қытайдың құйыршығы» атанып шыға келетіні бар. Сондай айыптаулар айтылатынын біле тұра, осы посты жазуға мәжбүрмін.

Қош, дәрежеміз ұйғырдың жоғын жоқтауға жетсін-ақ делік. Солай екен деп тәуелсіз қазақ елінде орысша гәпіргеніміз аздай, енді ұйғырша сөйлеуіміз қалып па еді? Мұның өзі нені білдіреді? Біз жақсы көрген, тілеулес болған ағамызды ұйғыр ағайынның тілінде сайратқан не күш, Құдай-ау?! Ақша ма, басқа ма?

Рас, ұйғыр жігітімен қазақша сөйлессе, «Атажұрт» секілді өздерің күресіңдер» деп жол көрсетсе, Серікжан ағамызға кінә артпас едік», — дейді таңданысын жасыра алмай отырған әріптесіміз.

Ал оған пікір білдірген қоғам белсендісі Аятжан Ахметжанұлы: «Есекке теріс мініп кетесің ау! Осыны айтамыз деп «қытайшыл», «юаньға сатылған» боп кеткенбіз… Бұл ойнайтын тірлік емес…. Түркі бірлігі ел тәуелсізгінен биік емес», — деді.

Келесі желі қолданушы Жарқынбек Амантайұлы, тіпті, Серікжан Біләштің ұлты қазақ екеніне де күмәні бар екенін жеткізді.

«Осы немеге сенім жоқ. Негізі тыңшы! Қазақтың есебінен ұйғырдың мәселесін шешкісі келіп жүр ме деп қоям. Тегіне, қазақ екеніне де күмәнім бар. Шешкен бір мәселесі жоқ. Тек қана бүлік бастағаннан басқа!» — дейді ол.

 

[:]