22 февраля, 2019 Comments Off on Kaspi.kz инвесторына “алаяқтық” айыбы тағылды

Kaspi.kz инвесторына “алаяқтық” айыбы тағылды

Ресей тергеу комитеті «Бэринг Восток» инвестициялық қорының негізін қалаған америкалық кәсіпкер, қазақстандық Kaspi.kz банкінің инвесторы Майкл Калвиге «аса ірі көлемде алаяқтық жасады» деген айып тақты. Бұл туралы оның адвокаты Дмитрий Клеточкин xабарлады.

Оның сөзінше, Калви адвокатына қорғау позициясын құру үшін түсінік беруден бас тартқан. «Тағылған айып бұлыңғыр, нақты емес» деді ол. Тергеу дерегі бойынша, Калви «Восточный» банкінен 2,5 миллиард рубль (шамамен 380 мың доллар — ред.) жымқыру үшін алаяқтық сxемасын құрған.

Калви өзіне тағылған айыпты жалған деп, мұны «Восточный» банкі директорлар кеңесінің мүшесі Шерзод Юсупов пен банк акционері Артем Аветисян және өзінің арасындағы «корпоративтік дау» деп атаған.

Майкл Калвидің қамалғаны 15 ақпанда белгілі болды. Тергеушілер кәсіпкерді «Восточный» банкінен 2,5 миллиард рубль ұрлау үшін алаяқтық схема құрды күдікпен ұстаған. Іс осы банктің директорлар кеңесінің мүшесі Шерзод Юсуповтың арызы бойынша қозғалған. Калви 13 сәуірге дейін уақытша қамау изоляторына жіберілді.

Оқи отырыңыз: Kaspi.kz инвесторына қандай айып тағылды?

«Бэринг Восток» – Ресейдегі ең ескі әрі ең ірі тікелей инвестиция қоры. 25 жыл бұрын құрылғалы бері ол 3,7 миллиард доллардан астам капитал жинап, бірнеше елдегі 80-ге жуық жобаға, соның ішінде Қазақстандағы Kaspi.kz-ке инвестиция салған. 2018 жылғы 1 қазандағы мәлімет бойынша, «Бэринг Восток» қоры Қазақстандағы Kaspi Bank-тің 39,5 пайыз акциясына иелік етеді.

Дереккөз:Азаттық радиосы

Загрузка...

Комментирование закрыто.