АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Қашан кетесіз?»: Халықпен тікелей байланысқа шыққан Путинге оғаш сұрақтар қойылды[:]

[:kz]

Ресей президенті ел тұрғындарымен кезекті «тікелей байланысқа» шықты. Бұл жолы орыс халқы Владимир Путинге оғаш сұрақтар жолдап мемлекет басшысын ыңғайсыз жағдайға қалдырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Тікелей желі арқылы адамдар халықаралық аренадағы жағдай, саясаттан басқа да маңызды істер туралы сауал қойды. Ең қысқа және басым көпшіліктің сұрағаны «қашан кетесіз?» деген сұрақ.

Сондай-ақ ресей жұртшылығын мұнай мен газ біткен жағдайда ел экономикасының дамуы алаңдатады екен. Ал кейбіреулер ресейдегі бақуатты адамдардың бақдәулеті жайлы сауал жолдады. Мәселен, «Бір жылдың ішінде Рогозинде 29,5 миллион қаражат қайдан пайда болды?» — деген сұрақ болды.

Әңгіме ауаны Роскосмостың басшысы Дмитрии Рогозин төңірегінде өрбісе керек. Тұрғындар «Газпромның» футбол командаларына бөлетін ақшасы бар, ал науқас балаларда — жоқ деген түйткілді көтерді.

Ең қызығы, тағы бір ресейлік президенттен қарызға 350 мың рубль сұрады. Байланысқа шыққандың арасында Путинге жанашырлық танытқандар да табылды. 

[:]