216 мыңнан астам қазақстандық зейнеткер қарттар күніне орай біржолғы материалдық көмек алады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Қарттар күні аясында Нұр-Сұлтан қаласында, сондай-ақ Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарының жекелеген аудандарында 216,7 мың адамды қамти отырып, 2,3 миллиард теңге сомасында біржолғы материалдық көмек көрсетіледі”, – деді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде.

 

Сондай-ақ, 1 қазанда Қазақстанда қарттар күніне арналған айлық шара басталады. Аға буын өкілдеріне қамқорлық жасауға арналған іс-шаралар республиканың барлық аймақтарында өтеді.

Министрлік 2020 жылы қарт азаматтарды әлеуметтік қолдаудың түрлі нысандарына зейнетақы төлемдерін есептемегенде 32 миллиард 670 миллион теңгеден астам қаражат бөлінгенін нақтылады.

1 қазанда Қазақстанда Қарттар күні атап өтіледі. Бұл күн БҰҰ Бас Ассамблеясының 45-ші сессиясында (1990 жылғы 14 желтоқсандағы № А/RES/45/106 қарары) Халықаралық қарттар күні деп жарияланды. Республикада жалпы екі миллионнан астам зейнеткер тұрады.

 

Рубрика: