АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Қарт Парламент»: депутаттардың ең егдесі – ерлерден Косарев, әйелдерден Қарағұсова[:]

[:kz]

55 депутаттың жасы 60-70 аралығы болса, 65 депутаттың жасы 50-60 жастың аралығында екен.

Бүгінде біздің билік басында өңкей «кемпір-шал» отырғаны жасырын емес. Осыған анық көз жеткізу үшін өзінше шағын зерттеу жасап көрген блогер Шолпан Байшағырова facebook парақшасында шынымен де «халық қалаулыларының» орташа жасы 58 екенін дәлелдеді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Депутаттардың арасында ең кәрісі Владислав Косарев екен. Ол – 82 жаста. Ал ең жасы Геннадий Шиповских – 30 жаста. Бұрын депутаттардың ішінде 25 жастағы Тәңірберген Бердіоңғаров ең жасы атанған еді.

Бұл ретте, Парламентте отырған 71 ер депутаттың 61-і 60 жастан асқандар болса, 45 жасқа жетпегендері – 11 ғана. Ал әйелдер арасындағы ең егде депутат Гүлжан Қарағұсова (69 жаста) болса, ең жас депутат Әлия Сапарова – 35 жаста.

80+ жас – 1 адам 0,7%
70-74 жас – 4 адам 2,7%
65-69 жас – 21 адам 14,3%
60-64 жас – 34 адам 23,1%
55-59 жас – 44 адам 29,9%
50-54 жас – 21 адам 14,3%
45-49 жас – 11 адам 7,5%
40-44 жас – 4 адам 2,7%
35-39 жас – 6 адам 4,1%
30-34 жас – 1 адам 0,7%

Яғни, 55 депутаттың жасы 60-70 аралығы болса, 65 депутаттың жасы 50-60 жастың аралығында екен.

[:]