АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қарбыздың қабығын жегізіп қойған: Балаларды келемеждеген видео желіде тарады[:]

[:kz]

Белгісіз біреу екі баланы қарбыз қабығын жеуге мәжбүр етіп, мұның барлығын видеоға түсіріп алған. Бұл желі қолданушыларының арасында негативті реакция тудырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желілерде балалармен түскен видео таратылады, пікір білдірушілердің айтуы бойынша балаларға қорлық көрсетілуде. Видеода ер адам балаларды жерде жатқан қарбыз қабығын жеуге мәжбүр етуде. Сонымен бірге ол қазақ тілінде: «Сиыр сияқты жеңдер» деп, кішкентай «актерлерді» дөрекі сөздермен қорлауды тоқтатпады.

 

 

Хабарламаның авторы балалардың өрістен қарбыз ұрлап әкеткенін айтып, сол үшін олар қатты жазаланғанын алға тартты. Алайда жағдайдың нақты қайда болғаны белгісіз.

«Сұмдық, біз қайда бара жатырмыз, балалардан қарбызды аядық па?», «Оның өзін жазалау керек, тәрбиесіз, сонша боқтап, соны видеоға түсіріп отыр», — деп пікір қалдырып жатты желі қолданушылары.

Балалардың құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин бұл іс бойынша Қазақстанның ішкі істер министрлігіне ресми сұрау жіберілгенін айтты. Саин бұл жағдайды тез анықтап, кінәлілерді жауапқа тартуға көмектеседі деп үміттенеді.

«Біз мұның қайда болғанын білетіндердің барлығынан info@bala-ombudsman.kz немесе BALA QORGAY Telegram чатына жазуды сұраймыз», — дейді өкіл.

 

[:]