Желіде “Алтын Орда” базарындағы бақылау-өткізу пунктінен видео пайда болды. Алматы облысының тұрғындары төтенше жағдай режимінің тоқтаған алғашқы күні қалаға кіруге үміттенуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Видео инстаграмдағы dorogi_almaty_official парақшасында пайда болды.

 

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі видеоға түсініктеме берді.

“Алтын Орда” базарының жанындағы бақылау-өткізу бекетінде таңертең аздаған адамдар болды. Қоғамдық тәртіпті бұзу болмады. Адамдарға қаланың периметрі бойынша 27 кедергілер бұрынғысынша жұмыс істеп жатыр деп айтылды. Карантинге жабылған Алматының шекаралары жабық. Қазір бақылау-өткізу пункттеріндегі жағдай тұрақты. Азаматтарды тек ресми ақпараттарға сенуге шақырамыз”, – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Алматы қаласы әкімдігі жанындағы төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі жедел штаб қала тұрғындарына карантиндік және санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтауды еске салды, сонымен қатар қаланың периметрі бойынша жол тосқауылдарының жұмысы бұрынғы қарқында жұмыс істейтінін атап өтті.

Рубрика: