АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Карантинде табысынан айырылған азаматтарға 42 500 теңгені кім төлеуі керек [:]

[:kz]

Елімізде қайта енгізілген карантин шаралары бірқатар қазақстандық ұйымдардың жұмысын шектеді. Осыған сәйкес, кейбір ел тұрғындарының уақытша қызметінен айырылғаны белгілі. Бұл аралықта табысынан қағылған азаматтарға жалақыны кім төлеуі тиіс және қандай мөлшерде екенін Нурфин тілшілері анықтап көрді. 

Эпидемиологиялық жағдайға байланысты енгізілген карантин — бұл аралықта қызметіне тыйым салынған компаниялар үшін үзіліс. Еңбек кодексіне сәйкес, жұмыссыз қалу — экономикалық, технологиялық, ұйымдастырушылық, басқа өндірістік немесе табиғи себептер бойынша қызметті уақытша тоқтата тұру.

Қызметсіз қалу жағдайын үшке бөлуге болады: қызметкердің кінәсі бойынша, жұмыс берушінің кінәсі бойынша және басқа себептерге байланысты.

Жұмыссыз қалған кезеңде қандай жалақы болуы керек

Қазіргі уақытта қолданыстағы карантин режимі — бұл соңғы нұсқа. Яғни, қызметкер де, басшы да, компания да шектеу шараларына байланысты тоқтап қалған қызметке кінәлі емес.

Бұндай жағдайда жұмыс беруші Қазақстанда белгіленген ең төменгі жалақыдан (2020 жылы 42 500 теңге ) кем емес мөлшерде жалақы төлеуі тиіс. Егер жұмыс берушінің кінәсінен табысынан айырылса, онда компания қызметкерге жалақысының кем дегенде жартысын өтеуге міндетті.

Кімге төлеуге міндетті емес

Өз кінәсінен карантинге ұшыраған қызметкерге ештеңе төленбейді. Мысалы, шетелге демалысқа барып, елге оралғаннан кейін жұмысшы үй жағдайындағы карантинде екі апта болады.

Егер бұл уақыт еңбек демалысына кірмесе, қызметкерге жалақы төленбеуі керек. 

Сонымен қатар, жалақысын сақтамай еңбек демалысын алуға өтініш жазған қызметкер де ештеңе алмайды.

Тіпті бұл туралы басшылық сұраса да. Еңбек демалысы – бұл уақытша демалыстың ерікті түрі, ал табыссыз қалу – жұмысты мәжбүрлеп тоқтата тұру. Бұл екі ұғымды шатастыруға болмайды.

Айта кетейік, бұған дейін эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру үшін Қазақстанда 5 шілдеден бастап 14 күнге шектеу шаралары енгізілгенін жазған болатынбыз.

Шектеу шаралары кейін 2 аптаға ұзартылуы немесе қатаңдатылуы мүмкін. Барлығы эпидемиологиялық жағдайға байланысты болмақ. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ералы Тоғжанов күшейтілген карантин шаралары енгізгеніне қарамастан, 42 500 теңге мөлшерінде жәрдемақыларды төлеуге заңды тұрғыда негіз жоқ деп мәлімдеген болатын. 

https://kaz.nur.kz/1864042-karantinge-bajlanysty-tabysynan-ajyrylgan-azamatka-42-500-tegeni-kim-tleui-kerek.html

[:]