АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қарағандыда кафеде жаппай төбелес болды [:]

[:kz]

Қарағандыда жергілікті кафелердің бірінде жаппай төбелес болды. Салдарынан бір қыз бен ер адам зардап шекті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

  Әлеуметтік желілердегі ақпаратқа сүйенсек, жаппай төбелес Қарағандыдағы Кривогуз көшесінде орналасқан кафеде болған.

Желіде осы оқиғаның видеосы жарияланды. Мұнда оқиға орнына келген полиция қызметкерлері көрсетілген. Сонымен қатар бір қыздың қайтыс болғаны туралы ақпарат айтылды. Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі жаппай төбелестің болғанын растады.

Ал зардап шеккен қыздың қаза тапқаны жайлы ақпаратты жоққа шығарды.  «Кафеге келген төрт жігіт арасында төбелес шыққан.

1992 жылы туған қыз сондағы жігіттердің бірімен келген. Төбелес кезінде бір жігіттің шынтағы қызға тиіп кеткен. Ол ауыр жарақат алған жоқ. Төбелеске қатысқандар анықталды. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды», — деді департаменттің баспасөз қызметі.  Қазір полиция қызметкерлері жанжалдың неден шыққанын анықтап жатыр.

 Төбелеске қатысқан жігіттердің бірі зардап шеккені белгілі болды. Ол ауруханаға өзі барған. 

kaz.tengrinews.kz

 

[:]