АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қарағанды облысында аушы құстармен аң аулау бойынша турнир өтуде [:]

[:kz]

 «Ұлы дала мұрасы» халықаралық турнирі Қарағанды облысының Ақсу-Аюлы кентінің маңында басталды. Іс-шара Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына орайластырылған және «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының аясында өтуде.


Додада жеңіске жету үшін Нұр-Сұлтан, Алматы және Қазақстанның 13 облысынан, сондай-ақ Моңғолия мен Қырғызстаннан 80-нен астам қатысушы бақ таластырады. Сайыскерлер 60 бүркіт, қыран мен сұңқар құстарын және тазы тұқымды 34 ит алып келді. Жыртқыштар турнирге арнайы алынған қояндар, түлкі мен борсықтарды аулайтын болады.
Турнирдің салтанатты ашылуында Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов сөз сөйледі.
— Ұлттық спорт түрлерін дамыту және қолдау патриоттық идеялармен тығыз байланысты. Қарағанды облысында ұлттық спорт түрлерімен 42 мыңнан астам адам айналысады. Жыл сайын бұл үрдіс кеңінен етек жайып келеді. Мұндай жарыстар жас ұрпаққа үлкен әсер етіп, ұлттық дәстүрлерді құрметтеуге үйретеді. Ертеде тазылармен және жыртқыш құстармен аң аулау ерекше маңызға ие болған. Бұл өнер адамдарды батылдық пен сабырлыққа тәрбиелейді, ой ұшқырлығын дамытады. Жас ұрпақ ата-бабаларының мұраларын ұмытпай, дәріптеп келе жатқаны көңілімізге қуаныш ұялатады,-деді ол.


Қазақстанда тазы мен жыртқыш құстармен аң аулау ұлттық спортын жаңғырту трендке айналды. Көптеген жастар ата-бабаларымыздың негізін салып келкен өнеріне құрмет көрсете отырып, осы спорт түрімен айналысуға ниет білдіруде. Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Руслан Мағзұмов та осылайша құсбегілікпен айналыса бастаған.
— Менің Ұлттық аң туралы айтып бере алатын жақын туыстарым болмады, бірақ мен онымен айналысқым келді. Бес жыл бұрын мен алғашқы бүркітімді сатып алдым. Қазір құстарды үйрете аламын. Бұл спорт түрінде қатаңдыққа жол бермеу керек, әйтпесе құс сізді тыңдамайды. Алдымен бүркіт сізге үйренуі керек – онымен ең болмағанда күн сайын бір немесе екі сағат өткізу керек. Оны тамақтандыру қажет, қолға алып, сипау керек. Сол кезде иесі мен құстың арасында байланыс пайда болады және оны аң аулауға үйретуге оңайырақ болады, — дейді ол.
Қазір Русланның бүркіті, екі сұңқары, тазы тұқымды үш иті және бір төбеті бар. Біртіндеп оның хоббиін үлкен қызы да бөлісе бастады. Қазір қыз баласы сұңқармен аң аулауды үйренуде.
Атыраулық бүркітші Арман Күшғаров балалардың ежелгі көшпенділер өнеріне деген қызығушылығын арттыра білді. Ол – Қазақстанның жеті дүркін чемпионы және бүркітпен аң аулау бойынша екі дүркін әлем чемпионы.
— Менің балаларым кішкентай құстармен аң аулайды. Оларға ұнайды. Менің әкем бүркітші болған, осы онердің қыр-сырын маған сол кісі үйреткен. Қазір менде бірнеше құс бар. Бүркіттерді мен Қырғызстаннан және Моңғолиядан сатып аламын. Қазақстанда ондайға тыйым салынады, олар Қызыл кітапқа енгізілген. Бұл құстарға ерекше көзқарас қажет – оларды өз меншігі деп санауға болмайды. Ежелден қалыптасқан ереже бар. Бүркітті адамдар жанында 10-15 жыл бойы ғана ұстауға болады. Содан кейін оны өз бетінше өмір сүруі үшін ерікдікке жіберу керек. 15-20 жас аралығында бүркіттер әлі де кәрі емес, олар жабайы табиғатта өмір сүре алады, — деді ол.
Дәстүрлі аң аулау өнерін сүйетіндер тек аушы құстарға ғана емес, сондай-ақ тазының аңшылық қасиетін құрметтейді. Бұл тұқым ең таза тұқым болып саналады – көшпелілердің киіз үйлерінде тек осындай иттерге ғана қыстауға рұқсат етілген. Аңыз бойынша, тазының бірінші күшігі қаз ұяларында табылған. Сондықтан да тазының шығу тегі ерекше деп саналады және олар ақылды, күшті және басқа тұқымды иттерге қарағанда анағұрлым адал деп танылған.
— Мен бұрыннан тазы асырап, оларды баптап келемін. Олармен үнемі аң аулаймын. Ежелгі уақытта бұл иттер нағыз асыраушы болған. Олар тек кішкентай жабайы аңдарды ғана емес, мысалы, елікті де оңай жеңе алады. Бірақ тазылар мүлдем агрессивті емес. Олар үй малын ұрламайды, егер оларды үйге кіргізсеңіз, жиһазды бүлдірмейді, олар балалармен жақсы тіл табыса алады. Бірақ оларды үйді күзету үшін асырауға болмайды. Бұл күзет иттері емес, оларды шынжырға байлауға болмайды, — дейді Қарағандыдан келген Рамазан Үсеев.


Оның айтуынша, бұл тұқымды күшіктің бағасы 50 мыңнан 250 мың теңгеге дейін барады. Күшіктің қаншалықты жақсы екенін, көптеген аңшыларды әкелері мен аталары үйретті. Асыл тұқымды тазылардың кеудесі ірі, жамбасы тар, ал артқы аяқтары қояндікіндей болуы тиіс. Сол кезде олар ең жоғары жылдамдықты алып, сағатына 65 шақырымға дейін жүгіре алады.
Турнир қатысушылары жеңіс үшін екі күн қатарынан күресетін болады. Нәтижелер 10 қарашада жарияланады. Үздік аңшыларға медальдар, кубоктар мен ақшалай сыйлықтар беріледі.
Турнирді ұйымдастырушылар — ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, Қарағанды облысының әкімдігі.

2010 жылы жыртқыш құстармен аң аулау ЮНЕСКО Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының тізіміне енгізілді.

Алтынорда

 

[:]